Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? № 11. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? № 11

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтінді оқиды, оқыған мәтіннің мазмұнын тірек сөздер қолданып жазады, жай сөйлемдер құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтінді мәнерлеп оқиды, мұғалімнің көмегімен жай және құрмалас сөйлемдер құастырады.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, жай және құрмалас сөйлемдерді құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды.

Бағалау критерийлері

- мәтінді мәнерлеп, шолып оқиды;

- тірек сөздерді қолданып оқыған мәтіннің мазмұнын жазады;

- сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастырады.

Лексикалық минимум

Бөлімде өтілген сөздерді пысықтау

Грамматикалық минимум

Жіктік жалғау, жай және құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Өлең арқылы тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, жақсы мен жаманды ажырата білуді үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, технология

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

ІІ бөлім. Шебер бала № 10

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Жүректен жүрекке» тренингі.

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.

Рaқмет!

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

- мәтінді мәнерлеп, шолып оқимын;

- оқыған мәтіннің мазмұнын жазамын;

- сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлемдер құрастырамын.

«Қазына іздеу»

Орындау барысы: мұғалім тақырыпқа байланысты құнды бір ақпаратты жасырып қояды. Оқушылар жасырын ақпаратты табу үшін кедергілерден өтеді, яғни тапсырмаларды орындайды. Оқушыларға карта (маршрут) ұсынылады.

Кедергі 6 кезеңнен тұрады:

1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу

2-кезең.Сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтыру

3-кезең. Сұрақтарға жауап беру

4-кезең. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу

5-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау

6-кезең. «Менің досым» деген тақырыпта фотоколлаж дайындау. Досыңның қандай бала екенін айту.

 

 

 

 

Таныстырылым

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

30 мин

, МК) 1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу.

Мен тәртіпті баламын

Мен тәртіпті баламын, Шкафтарды ашпаймын,

Айтқан тілді аламын. Кітаптарды шашпаймын.

Апам нанға кеткенде, Текшелерден үй жасап,

Үйде ойнап қаламын. Қызық ойын бастаймын.

Дескриптор:

1. Өлеңді мәнерлеп, шолып оқиды.

2. Тірек сөздерді, өлеңнің негізгі ойын анықтайды.

3. Өлеңнің бос орындарына керекті сөздерді қойып оқиды.

4. Еске сақтауға арналған сұрақтарға жауап береді:

- өлең қалай аталады?

- «-мын» деген жалғау неше рет кездеседі?

- апасы нанға кеткенде қайда қалады?

- неден үй жасайды?

- ол қандай бала?

(Ж) 2-кезең. Оқушылар сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтырады, қорғайды, бірнеше жұптардың жауаптары тыңдалып «Бас бармақ» әдісімен бағаланады.

(Т) 3-кезең. Оқушылар түстер бойынша үш топқа бөлінеді. «Бинго» ойыны арқылы тақтада жасырынған ұяшықтарды таңдайды, сұрақтарға жауап береді.

1. Сенің досың қандай?

2. Ол ата-анасына көмектесе ме?

3. Жалқаубек қандай?

4. Ол бөлмесін жинай ма?

5. Әлібек пен Марат қайда барады?

6. Әлібек – қандай бала?

7. Әлібектің кітаптары қандай?

8. Әнел қайда жиі барады?

9. Әнел ақылды ма?

10. Қадиша – қандай қыз?

11. Мырзабек – қандай бала?

12. Нұрай – қандай қыз?

Кері байланыс: Топтар бір-бірін ұпай санымен бағалайды.

Сергіту сәті «Айна»

Қатысушылар жұптарға бөлініп, бір-бірінен қол созым арақашықтықтағы жерде қарама-қарсы қарап тұрады. Өзара бірі-А, екіншісі-Б болып бөлінеді. А қатысушы қандай да бір қимыл жасайды, ал Б қатысушы сол қимылды айнадағы кескінше қайталап көрсетеді.

(Ө) 4-кезең. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады.

Мен тәртіпті бала..., айтқан тілді ала.... Менің дос... ауылда тұрады. Қуыршақтарымды ертең жинай... . Тағаны жерден ал... .

Тиісті жалғаулар: - мын, - ым, - дым.

Бағалау: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар, дұрыс-бұрыстығын тексереді.

, МК) 5-кезең. Берілген сөздерді пайдаланып, өлеңнің мазмұны бойынша жай және құрмалас сөйлемдер құрайды.

Тәртіпті, еріншек, жалқау емес, ақылды, ренжімейді, шашпайды, тілді алады, жаайды.

Үлгі: Ол тәртіпті бала.

Ол тәртіпті бала, себебі апасының тілін алады.

Мұғалім жазбаша комментарий беру арқылы бағалайды.

(Ө, Т) 6-кезең. «Коллаж әңгімесі»

Орындау барысы: «Менің досым» деген тақырыпта оқушылар постерге коллаж жасайды, содан соң бұл коллажды пайдаланып әңгіме құрайды, басқа топтармен таныстырады. Постерді дайындау барысында алғырлық, эстетикалық талғам мен қиялдау қабілеттері дамиды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

7-кезең. Алақай, қазына!!!!

Бұл кезеңге келгенде мұғалім оқушылардың белсенділігін мадақтап, жолдағы кедергілерден сүрінбей өтіп, қазынаға жеткендерін айтады және қазынадағы құнды ақпаратпен таныстырады.

Мақал-мәтелдер

Жақсының аты өлмейді, жаманның хаты өлмейді.

Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер жазылады (олар тақтаға алдын-ала жазылып қойылады): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

Үй жұмысы:

Бөлім бойынша өтілген сөздерді қайталап келу.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу