9-сабақ. Кел, балалар, оқылық! Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 9-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Кел, балалар, оқылық!

 

 Сабақтың мақсаты:

 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту

 3.​2.​5.​1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу.

 3.1 Оқу түрлерін қолдану

 1.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу.

  5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

 3.​5.​1.​2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

 Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым.

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  • тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
  • суреттер мен сұрақтар негізінде ойын айтады;
  • сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлем құрайды.

Сабақтың басы

Үй тапсырмасы. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұралады. Бір оқушы алға шығып, тірек сөздер негізінде құраған мәтіндерімен бөліседі. Одан кейін келесі өзі қалаған оқушы үй тапсырмасын айтады немесе алдыңғы оқушынын айтқандарын толықтырады.

Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтан бүгінгі сабақтың тақырыбын беріңіз: «Кел, балалар, оқылық!». Содан кейін төмендегідей сұрақтар қойып, коммуникациялық қарым-қатынасқа тартыңыз:

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқыған кезде ойларыңызға қандай ассоциация келді?

- Сабақ кім немесе не туралы деп ойлайсыңдар?

 Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде сабақ тақырыбы туралы не ойлайтындарын талқыға салады. Сабақтың мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін алдыңғы сабақтағы тақырып, автор туралы бұған дейін алған білімдерді пайдаланады. Сонымен, бүгінгі сабақ тақырыбынан шығатын қорытынды:

Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан ұстаз.

«Кел, балалар, оқылық!» – Ыбырай Алтынсариннің балаларға жазған өлеңі.

  Жаңа сөздерді меңгерту

 1. «Сөйлеу қабырғалары» негізінде сабақтың тірек (жеке) сөзін суреттер арқылы меңгертіңіз.

 2. Жаңа сөзді дұрыс айтқызып дағдыландыру үшін және мағынасын тереңірек түсіндіу үшін суреттерде бейнеленген «адамның жеке заттары», «жеке куәлік» тіркестерін оқытыңыз.

 

 Оқылым. Интербелсенді тақтадан суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқыңыз. Кейін кезектесіп оқушылар оқиды. Олар оқыған кезде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуына мән беріңіз.

  Кел, балалар, оқылық!

 Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылындағы ескерткіші.

Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз. Тыңдалым мәтіні:

Тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің музейі киіз үй тәріздес екі қабатты ғимарат. Музейде Ы.Алтынсарин ашқан мектептің көшірмесі қойылған. Музейде Ы.Алтынсариннің кітаптары, жеке заттары, фотосуреттер жинақталған. Музейдегі ең құнды заттардың бірі Ы.Алтынсариннің отбасы қолданған төсекқап. Музейдегі «Шашу» әдебиет қонақ бөлмесінде ақындармен кездесулер ұйымдастырылады.

Жауап беру кезінде әрбір сөйлемнің түсініктемесі ретінде берілген суреттерге сүйене отырып, өз жауабын: «Менің көріп тұрғанымдай, ...», «Менің ойымша, ...» түрінде айтуына көңіл бөліңіз.

  • Ыбырай Алтынсарин музейі неге ұқсайды?
  • Музейде қандай заттар бар?
  • Музейдегі Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған зат қалай аталады?
  • Музейдегі қонақ бөлме қалай аталады?

Үлгі: Менің ойымша, Ы.Алтынсарин музейі киіз үйге ұқсайды.

Сұрақтарға жауап беріп болған соң, оқушылар бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

 Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беріңіз. Сөйлемнің қай жақ тарапынан айтылып тұрғанын білдіру үшін соңғы сөзге тәуелдік жалғауының қосылатынын түсіндіріңіз.

Менің тілеген...

Сіздің тілеген...

Сенің тілеген...

Оның тілеген..

Осы кесте бойынша «жеке заттар» тіркесін тәуелдетіңіз.

Оқылым. Әр оқушы оқулық пен интербелсенді тақтада берілген «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқиды. Оқылымды келесі дескриптор арқылы бағалаңыз:

- әр сөзді анық айтады;

- орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтап оқиды.

  Сергіту сәті. «Айдаһар» ойынын ойнатыңыз. Ол үшін оқушыларды бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызыңыз. 1-оқушы «айдаһардың басы» болса, соңындағы оқушы «құйрығы» болады. Басы құйрықты ұстап алу керек.

 

Жазылым. «Қосымшаны дұрыс тап» ойыны. Оқушыларға сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды жалғатыңыз:

-мен

-лар

-нің

-те

 Айтылым. Оқушыларға парталас көршісімен бірге жұп құрап, жұмыс жасайтындарын айтыңыз. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі бойынша берілген суреттерге 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрап, көршісіне айтып береді. Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Оқушыларға:

 - ойлануға уақыт беріңіз;

 - өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз.

 Оқушылар өздері сөйлем құрайды. Ал тапсырманы орындау қиын деген оқушылар төмендегі ретсіз берілген сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлем құрайды:

Сыныпта, отыр, сабақта, оқушылар.

Дәптерлеріне, тапсырмасын, үй, жатыр, жазып.

Сабаққа, дайын, оқушылар, көтеріп, қолдарын, отыр.

 Келесі дескриптор бойынша бағаланады:

 - өз ойларын дауыстап айтып береді;

 - сурет мазмұнына сәйкес мәтін құрайды.

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылардың сабақты ұғу деңгейін білуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу