9-сабақ. Кел, балалар, оқылық! Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

9-сабақ. Кел, балалар, оқылық!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту

3.​2.​5.​1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу.

3.1 Оқу түрлерін қолдану

.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақ мақсаттары

1. Тыңдаған мәтін мен көру материалдарына сүйене отырып, өз ойын айту.

2. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, мәнерлеп оқу.

3. Тәуелдік жалғауы мен септік жалғауларын дұрыс қолдану.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, мәнерлеп оқиды.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған, көрген мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсініп, қолдау арқылы өз ойын айтады. Сөздердің орын тәртібін сақтап жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтін мен көрген суретке қатысты өз пікірлерін дәлелдей алады, мәтін құру барысында өзгелерді толықтырады.

Бағалау критерийлері

1. Сурет бойынша мәтін құрады, мазмұндайды.

2. Орфоэпиялық нормаларды сақтап оқиды, айтады.

3. Сөздердің орын тәртібін сақтап, жалғауларды дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

жеке

Грамматикалық минимум

тәуелдік жалғауы

Құндылықтарды дарыту

Музейлерге баруға, тарихи экспонаттарды көруге деген қызығушылықтарын ояту. Ескерткіштерді бағалай білуге баулу.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым, аудиотаспа

Бастапқы білім

Тұңғыш ұстаз

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Мұғалім үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрайды. Бір оқушы алға шығып, тірек сөздер негізінде құраған мәтіндерімен бөліседі. Одан кейін келесі өзі қалаған оқушы үй тапсырмасын айтады немесе алдыңғы оқушының айтқандарын толықтырады.

Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтадан бүгінгі сабақтың тақырыбы беріледі.

– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқыған кезде ойларыңызға қандай ассоциация келді?

– Сабақ кім немесе не туралы деп ойлайсыңдар?

Оқушылар өздерінің ассоциацияларының негізінде сабақ тақырыбы туралы не ойлайтындарын талқыға салады. Сабақтың мазмұны қандай болатынын және қандай сөздік қор қолданылатынын болжау үшін алдыңғы сабақтағы тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдер пайдаланылады. Шығатын қорытынды:

Ыбырай Алтынсарин – қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан ұстаз.

«Кел, балалар, оқылық!» – Ыбырай Алтынсариннің балаларға жазған өлеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  •  тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну;
  •  суреттер мен сұрақтар негізінде ойымен бөлісу;
  •  сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлем құру.

 

Сабақтың ортасы

25 минут

(МК, Ұ) Сабақтың тірек (жеке) сөзін сурет, сөз тіркестері арқылы меңгерту.

адамның жеке заттары

жеке куәлік

(МК, Ұ) Оқылым. Айтылым

Мұғалім суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқиды, оқушылар соңынан қайталайды. Кейін кезектесіп, оқушылар оқиды. Оқыған кезде қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуына мән беріледі.

Кел, балалар, оқылық!

Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облысы

Жангелді ауданы Торғай ауылындағы ескерткіші

(Ө) Тыңдалым. Айтылым

Мәтінді тыңдап, суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді. Жауап беру кезінде әрбір сөйлемнің түсініктемесі ретінде берілген суреттерге сүйене отырып, өз жауабын: «Менің көріп тұрғанымдай, ...», «Менің ойымша, ...» түрінде айту.

Тыңдалым мәтіні:

Тұңғыш мектеп ашқан ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің музейі – киіз үй тәріздес екі қабатты ғимарат.

Музейде Ы. Алтынсарин ашқан мектептің көшірмесі қойылған.

Музейде Ы.Алтынсариннің кітаптары, жеке заттары, фотосуреттер жинақталған.

Музейдегі ең құнды заттардың бірі – Ы.Алтынсариннің отбасы қолданған төсекқап.

Музейдегі «Шашу» әдебиет қонақ бөлмесінде ақындармен кездесулер ұйымдастырылады.

  • Ыбырай Алтынсарин музейі неге ұқсайды?
  • Музейде қандай заттар бар?
  • Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған зат қалай аталады?
  • Музейдегі қонақ бөлме қалай аталады?

Үлгі: Менің ойымша, Ы.Алтынсарин музейі киіз үйге ұқсайды.

Сұрақтарға жауап беріп болған соң, оқушылар бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

(Ұ) Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.

Сөйлемнің қай жақ тарапынан айтылып тұрғанын білдіру үшін соңғы сөзге тәуелдік жалғауының қосылатынын түсіндіру.

Менің тілеген...

Сіздің тілеген...

Сенің тілеген...

Оның тілеген..

Осы кесте бойынша «жеке заттар» тіркесін тәуелдеу.

) Оқылым. Әр оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

Дескриптор:

- әр сөзді анық айтады;

- орфоэпиялық нормаларды дұрыс сақтап оқиды.

Сергіту сәті. «Айдаһар» ойыны

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.

(Ө) Жазылым. «Қосымшаны дұрыс тап» ойыны. Оқушылар сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті қосымшалар жалғайды:

1. Кел, бала..., оқылық! 2. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиеті... атасы. 3. Ыбырай мектеп... жақсы оқыды. 4. Ыбырай Алтынсарин орыс ғалымдары... дос болған. 5. Музейде Ы.Алтынсарин... жеке заттары қойылған.

Қажетті қосымшалар:

-мен

-лар

-нің

-те

(Ж) Айтылым. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі бойынша берілген суреттерге 2-3 сөйлемнен тұратын мәтін құрап, көршісіне айтып береді.

Оқушылар сөйлемдер құрайды. Ал тапсырманы орындау қиын деген оқушылар төмендегі ретсіз берілген сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлем құрайды:

Сыныпта, отыр, сабақта, оқушылар.

Дәптерлеріне, тапсырмасын, үй, жатыр, жазып.

Сабаққа, дайын, оқушылар, көтеріп, қолдарын, отыр.

Дескриптор:

- өз ойларын дауыстап айтып береді;

- сурет мазмұнына сәйкес мәтін құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырма. Оқулық, 3-тапсырма. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінен үзінді жаттап келу.

Рефлексия «Бес саусақ»

Оқушылардың саусақтары арқылы мұғалім олардың сабақты ұғу деңгейін біледі.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу