Қайырымды балалар № 8. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қайырымды балалар № 8

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​1* мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған аудиоматериал бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді, сөйлеу және жазу барысында заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған аудиоматериалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлеу және жазу барысында заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданады

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған аудиоматериалдың мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді, өз ойын қосады, сөйлеу және жазу барысында заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді орынды қолданады.

Бағалау критерийлері

- тыңдаған аудиоматериалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- сөйлеу және жазу барысында заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданады.

Лексикалық минимум

Апар, қауіп

Грамматикалық минимум

Заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздер.

Құндылықтарды дарыту

Мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

І бөлім. Тазалықты сүйемін № 7

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңбері:Шеңбер болып тұрайық,Алақанды ашайық,Күннен жылу алайық,Жүрекке жылу сыйлайық.Жиналған жылы шуақты,Бір-бірімізге сыйлайық.Жарайсыңдар балалар, көңіл-күйлерің қалай? Ендеше осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық. 

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беремін;

- заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2

Таныстырылым № 3-4

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Қауіп, апар

1. Осы сөздердің мағыналарын суреттері арқылы меңгерту

Қауіп - Қатер

Жолда ойнау қауіпті. Мұзда ойнау қауіпті.

Тоқпен ойнау қауіпті.

Апару - Жеткізу

Машинамен апару Гүл апару

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Сөйлемдер құрастыру.

Отпен ойнауға болмайды, себебі ол қауіпті.

Мектепке кітап, дәптер апарамын. Марат інісін саябаққа апарды.

5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Тыңдалым алды тапсырмасы.

(Ұ) Ой шақыру.

Оқушылар «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді» атты бейнеролик көреді.

- Бейнеролик не туралы?

- Осы бейнеролик бізге не айтқысы келді? Нені түсіндік?

Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі: құстяң ұясы, жем, қайырымды.

Тыңдалымнан кезіндегі тапсырма

(Ұ) Мәтінді мұқият екі рет тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, кестені толтырады.

Жәнібек пен Азамат мектептен шығады. Далада күн суық, қар жауып тұрады. Олар аулада тонып жүрген құстарды көреді. Аяз құстар үшін үлкен қауіп. Екеуі құстарға көмектескісі келеді. Үйге келіп, құстың ұясын жасайды. Ертеңінде Жәнібек пен Азамат ұяны ағашқа іледі. Ұяға жем апарады. Жәнібек пен Азамат қайырымды балалар.

(Ө) Сұрақтарға жауап жаз.

Жәнібек пен Азамат аулада нелерді көреді? ________________________________________________

Олар құстарға не жасайды? Неліктен? ________________________________________________

Мәтін неге үйретеді? _____________________________

_______________________________________________

(Ө) Кестедегі сөйлемдерді оқиды. Іс-әрекетті жасаған кейіпкерді жазады.

Олар аулада тонып жүрді.

Үйге келіп құстың ұясын жасады.

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • іс-әрекеті арқылы кейіпкерді анықтайды.

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі.

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

(Ж) Суреттер бойынша берілген кестеге тиісті сөздерді жазады. Жазған сөздерді пайдаланып, сурет бойынша шағын мәтін құрастырып айтады.

Кім? Не?

Қандай?

Не істейді?

Дескриптор:

  • заттың атын білдіретін сөздерді жазады;
  • заттың сынын білдіретін сөздерді жазады;
  • заттың қимылын білдіретін сөздерді жазады;
  • сурет бойынша мәтін құрастырады;

- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Таныстырылым № 5

Қауіп

Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді

https://www.youtube.com/watch?v=9qewvkzdvv4

2:10

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7-8-9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем»

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындайды.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді.

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Үй жұмысы:

Заттың атын, сынын, іс-қиымылын білдіретін сөздерге 5 мысалдан келтіру. Тақырып бойынша 3 сөйлем құрастыру.

Таныстырылым № 14

Таныстырылым № 15

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу