6-сабақ. Қағаздан ойыншық жасадық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Сейтбекова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

6-сабақ. Қағаздан ойыншық жасадық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау.
  •  Шағын мәтіннен септік, жіктік жалғауларды ажырату.
  •  Тақырып бойынша сөйлемдер құрау.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, септік, жіктік жалғауларды ажыратып, тауып жазады.

Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты өз пікірлерін білдіреді.

Бағалау критерийлері

  •  Тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын жазады.
  •  Сөйлеу және жазу барысында септік жалғаулы сөздерді қолданады.

Лексикалық минимум

қылқалам, ою, өрнек, бояу

Грамматикалық минимум

Септік, жіктік жалғау

Құндылықтарды дарыту

Эстетикалық ой-өрісін дамыту, шеберлікке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

АКТ қолдану дағдылары

Аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Менің досым – шебер.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:

  • Суреттен нені көріп тұсыңдар?
  • Тараудың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

Сабақ мақсатымен таныстыру:

  • Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау.
  • Шағын мәтіннен септік, жіктік жалғауларды ажырату.
  • Тақырып бойынша сөйлемдер құрау.

 

Сабақтың ортасы

(МК, Ұ) Сабақтың тірек (қылқалам, ою, өрнек, бояу) сөздерін сурет арқылы меңгерту.

қылқалам

ою

өрнек

бояу

(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын

Жазылуы

Айтылуы

қылқалам

[қылғалам]

ою

[ойұу]

өрнек

[өрнөк]

бояу

[бойаұу]

қию

[қыйұу]

(Ұ) Оқылым.

1. Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындайды.

2. Мәтін бойынша суреттердің ретін тап. Сандармен белгілейді.

  • Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады:

демалыс, қағаз, өрнек, бояу, желім, ілу

Төмендегі дескрипторлар бойынша бағаланады:

  • мәтін мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
  • жүйесін сақтай отырып, мәтіннің мазмұнын жазады;
  • тірек сөздерді орынды қолданады;
  • сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.

) Жазылым. Сурет бойынша сөйлем құрап, жазады. Кім не істеді?

Бірінші сурет бойынша тірек сөздер:

қағаз, қайшы, гүл, қию

Екінші сурет бойынша тірек сөздер:

түлкі, бояу, қию

Үшінші сурет бойынша тірек сөздер:

ою, өрнек, қию, бояу.

Дескрипторлар:

  •  кемінде үш сөйлем;
  •  сөйлемнің орын тәртібінің дұрыс құрылуы.

(Ж) Айтылым. Оқушылар диалогтегі жауаптарымен танысады:

Жауаптарына лайық сұрақтар құрастырып болған соң, мұғалім жұпқа бөліп, «Сұхбат жүргізу» ойынын ойнатады. Оқушының біреуі – тілші, екіншісі – қонақ.

(Ө) Жазылым.

1. Көп нұктенің орнына тиісті қосымшаны қояды.

Мен қағазды қиды... . Сен ойыншық жасады ... . Ол түлкіні боя ... . Әлібек желіммен жапсыр ... . Олар қолөнер үйірмесіне қатыса ... .

2. Мәтіннен берілген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып, кестені толтырады.

Нені?

Ненің?

Неммен?

Қайда?

Дескриптор:

  • жіктік жалғауларды анықтайды,
  • ілік септіктегі сөздерді анықтайды;
  • барыс септіктегі сөздерді анықтайды;
  • табыс септіктегі сөздерді анықтайды;
  • жатыс септіктегі сөзді анықтайды.

Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті орташа оқушылардың жұмыстарын екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

 

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: Тірек сөздерге сөйлем құрау.

Рефлексия.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу