7-сабақ. Қағаздан ойыншық жасадық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 7-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Қағаздан ойыншық жасадық.

 Сабақтың мақсаты:

 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

 3.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау

 2.1 Сөздік қорды толықтыру

 3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

 3.​2.​6.​1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту

 Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •  Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береміз.
  •  Тыңдаған мәтінді тірек сөздер арқылы мазмұндаймыз.
  •  Жаңа сөздерді дұрыс жазу және айтамыз.

 

 Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға парақтар таратылады. Параққа өткен сабақ бойынша естерінде қалған тірек сөздерді жазады. Өткен сабақ бойынша өткен сөздерді қайталау үшін келесі тапсырма орындалады.

 

 Жаңа сөздерді қайталау. Таныстырылмда қайықтың, гүлдің, түлкінің суреттерін көрсетіңіз. Оның төменгі жағында әр сурет бойынша берілген сөйлемдердегі бос орындардың орныны тиісті сөзді тапқызып, жаздырыңыз.

  Тыңдалым. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын жетілдірумен қатар, сабақта алынған жаңа сөздердің есте сақтап, мазмұнын түсінуге арналады. Тапсырма топпен және сыныппен орындалады. Тыңдалым мәтінінде кездесетін гүлдің күлтесі, гүлдің сабағы мен жапырағы сияқты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз. Мәтінді екі рет тыңдатып болған соң, гүлдің күлтесі, гүлдің сабағы мен жапырағы тіркестерін қайталатыңыз. Грамматикалық қоржында берілген сабақ, жапырақ сөздерінің қ/ғ дыбыстарына алмасатынын түсіндіріңіз. Оқушыларды топқа бөліңіз. Мәтін бойынша берілген сұрақтардың жауабын бірге іздейді.

  • Әнел гүлді неден жасады?
  • Алдымен не істеді?
  • Гүлдің күлтесін қандай түске бояды?
  • Жапырағы мен сабағын қандай түске бояды?
  • Гүлдің күлтесі мен жапырағын немен жапсырды?
  • Әнелдің гүлі қандай болды?

Топтар жауап жазған соң, басқа топтармен жұмыстарын ауысады. Бір-бірінің жауаптарын тексеріп, сынып болып талқылайды. «Пайыздық көрсеткіш» әдісімен бағалайды.

Тыңдалым мәтіні бойынша келесі тапсырманы орындатыңыз. Кестеде (таныстырылымда бар) берілген сөйлемдерді оқытыңыз. Сөйлемдерді игергеннен кейін оқиғаның ретін белгілетіңіз.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, тақтадан дұрыс жауаптары көрсетіледі. Топтар өз жұмыстарын тексеріп, «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды.

(Т) Топта бірлесіп, тыңдаған мәтіннің мазмұнын шеңбер бойымен айтады. Тірек сөздер беріледі. Гүлдің күлтесі, жапырақ, алдымен, содан соң, желім, қайшы, салады, бояйды, жапсырады.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

Дескрипторлар:

  • сұрақтарға жауап береді;
  • оқиғаның ретін сақтайды;
  • сөйлем құрылымын сақтап, мазмұндайды.

Сергіту сәті. «Гүлмен тілек» әдісі. Оқушыларға гүл суреттері таратылады. Оқушылар гүл суреттерінің артына бір-бірінің отбасыларына арнап жақсы тілектер жазады. Сол тілектерін жеткізу арқылы ортада жағымды ахуал қалыптастырады.

Айтылым. Оқушылардың айтылым дағдыларын жетілдіруге арналған жағдаяттық тапсырма. Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы оқып беріңіз. Оқушылардан мәтіндегі түсінбеген сөздерді сұрап, мағынасын түсіндіріңіз. Қабілеті орташа оқушыларға кестеде жауап ретінде берілген екі нұсқаны ұсыныңыз. Оқушылардың нұсқаларды таңдау себептерін түсіндіруге бағытталған сқрақтар қойыңыз. Ал қабілеті жоғары оқушылар өз нұсқаларын жазып, ой-пікірлерін жазуына мүмкіндік беріңіз. Оқушыларды төмендегі дескрипторлар бойынша бағалаңыз:

  • жағдаятқа қатысты кейіпкерге кеңес береді;
  • өз ойына дәлелді пікір айтады;
  • тірек сөздерді орынды пайдаланады;
  • тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.

 Жазылым. Оқушылардың орфографиялық және орфоэпиялық норманы жетілдіруге арналған тапсырма. Оқушыларға кестеге айтылуы бойынша берілген сөздердің тізбесі ұсынылады. Оқушылар орфографиялық нормаға сәйкес жазып шығуы тиіс. Қабылдау қабілеті жоғары оқушылар бұл тапсырманы қатесіз орындаған жағдайда «Қатесін тап» ойынын ойнатады. Оларға басқа оқушылардың қатесін тексеру жұмыстары тапсырылады. Оқушыларды төмендегі дескрипторлар бойынша бағалаңыз:

  •  сөздің айтылуына байланысты әріпті анықтайды;
  •  сөздерді дұрыс айтады;
  •  сөздерді дұрыс жазады.

 Оқушылар тақтадағы дұрыс жауапты қарап, өзін-өзі тексереді

Үйге тапсырма: Сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды.

Ойыншық, қағаз, қию, қылқалам, бояу, шебер, дос, қолөнер үйірмесі, ілу, өрнек.

Рефлексия. Оқушылар «Басбармақ» әдісі бойынша қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті смайликтерін көтереді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу