5-сабақ. Менің досым шебер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 5-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Менің досым шебер

 Сабақтың мақсаты:

 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

 3.​3.​2.​1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

 3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

 Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •  Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеміз.
  •  Оқыған мәтіннің мазмұнын айтамыз.
  •  Сөйлемдерді дұрыс құраймыз.

 Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:

  •  Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
  •  Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
  •  Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

 

 Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы шебер, қолөнер сөздерін суреттер арқылы меңгертіңіз. 2. Жаңа сөздерді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындатыңыз: шебер, қолөнер сөздерімен келетін тіркестерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, Бұл – шеберхана. Балалар қолөнермен айналысады.

Тыңдалым. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын жетілдірумен қатар, сабақта алынған жаңа сөздердің есте сақтап, мазмұнын түсінуге арналады. Мәтінді тыңдаспас бұрын тыңдалымалды сұрақтар қойыңыз:

  Шеберханада қандай заттар болады?

  Қолөнермен айналысып көрдің бе?

  Одан соң мәтінді екі рет тыңдатыңыз.

Тыңдалым мәтіні:

Біздің мектепте шеберхана бар. Шеберханада аралар, тақтайлар, шегелер бар. Мұғалім тақтайдан әртүрлі заттар жасауды үйретеді. Біз құстың ұясын жасаймыз. Бұны қолөнер дейді.

Оқушылар мұғалімнің нұсқауына сүйене отырып, оқушылар мәтінді тыңдайды. Оқушылар мәтінмен танысып болғаннан кейін, төмендегі тапсырманы орындатыңыз.

Оқушыларға кестеде тыңдалым мәтін негізінде құрылған сөйлемдерді оқытыңыз, одан соң сөйлемдердің ретін белгілетіңіз. Одан соң «Дефиниция» әдісімен жаңа тақырыптың лексикалық минимумын меңгертуге арналған тапсырманы орындатыңыз. Оқушылар шебер, шеберхана, қолөнер сөздерінің түсіндірмесін беріңіз. Тапсырманы бекіту үшін тақтаға

Грамматикалық қоржын. Бұл тапсырма келесі оқылатын мәтінде әрі оқушылардың күнделікті қолданыстағы грамматикалық құрылымды түсіндіруге бағытталған. Мәтінде кесуге болады/болмайды, инені ауызға салуға болмайды сияқты т.б. мысалдарды ауызша/жазбаша алдын ала жаттықтырыңыз.

Шығу + ға

Кіру + ге

болады

болмайды

 Айтылым. Бұл тапсырма мәтіндегі сөздерді алдын ала меңгерту үшін арналған. Таныстырылымда берілген суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. Оқушыларға осы сөздерге қатысты интербелсенді бір уақыт аралығында сөйлем құру керек. Қай топ көбірек сөйлем құраса, жеңімпаз атанады.

Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі. Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша «Болады, «Болмайды» деп жауап беретіндей сұрақтар құрастырады. Үлгі. Инені ауызға салуға болады ма?

Топтар бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды.\

 «Шапалақ» әдісі арқылы жауаптарын бағалайды.

  «Орташа» жауапқа 1 рет шапалақ ұру.

  «Жақсы» жауапқа 2 рет шапалақ ұру

  «Тамаша» «Өте жақсы» жауапқа 3 рет шапалақ ұру

Жазылым. Берілген сөздерді өзара байланыстырып, сөйлем құрайды. Тапсырманы орындап болған соң, «үздік жұмысты» анықтайды. Үздік жұмыс иесі тапсырманы тақтаға шығып оқиды.

Айтылым. Оқулықта берілген сурет пен тірек сөздер бойынша диалог құрайды.

Тірек сөздер: қуыршақ, әдемі, жасау, қолөнер, тігу, мата, қолөнер. Жұптар тақтаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі. Төмендегі дескриптор бойынша бағаланады:

  •  тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
  •  сұхбаттасына сұрақтар қояды;
  •  сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
  •  диалогте берілген мәселелерді қамтиды;
  •  сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Үйге тапсырма: 3-тапсырма. Сөздердегі жетіспеген әріптерді табады. Дәптерлеріне жазады.

 Рефлексия. Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті дөңгелектерін көтереді. Жасыл түсінікті, Сары орташа, Қызыл түсініксіз. Қызыл түсті дөңгелек көтерген оқушылармен қосымша жұмыс жасаған дұрыс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу