«Менің бір күнім» 9-сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып

3-бөлім: Уақыт

9-сабақ «Менің бір күнім»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабаққа қажетті құралдар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет- мақсатқа жету.
  • Оқушылардың идеяларын жазу үшін флипчарт (плакат, ақ қағаз) дайындаңыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Суретті сөздік» арқылы ой шақырып, болжау стратегиясын қолдана отырып тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада суретті көрсетіңіз. Оқушылар кезек-кезек шығып, суретті сипаттайды немесе қасына өз ойын жазады;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздердің мағыналарын ұйымдастыру кезеңінде сөздердің мағыналарын дефиниция тәсілі арқылы меңгерту. Жаңа сөздерге мағынасы жуық сөздерді сәйкестендіру арқылы дамытылады. Оқушылардың жауабына мұғалім өз жауабын ұсынады. Оқушылар салыстырады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Мысалы, сөздердің мағынасын жақын, жуық сөздер арқылы меңгереді.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

Теориялық бөлім:

Алдымен етістіктің ауыспалы келер шағын қайталап, оқушылар сөзді ауызша немесе жазбаша мысалдармен бекітіледі.

Практикалық бөлім:

Білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады. Тапсырмалар да осы бағытта жүргізіледі.

  • Бірінші тапсырмада оқушылар «Қызықты суреттер» тәсілі арқылы мәтін құрастырады. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап іздеп, мәтіннің мазмұнын түсінеді.
  • Екінші тапсырманы жұптасып орындайды. Берілген диалог бойынша жұптасып жалғастырады. Тапсырманы орындатпас бұрын, мұғалім өз шеберлігін қолданады. Диалогта оқушылар ауыспалы келер шақтағы етістіктерді еркін қолданады.
  • Соңғы тапсырма ұжыммен орындалады, «Сұрақ-жауап» ойынында мұғалім қағазға жазылған сұрақтарды дайындайды, оқушылар сұрақтарға жауаптарды тауып сөйлемдер құрастырады, дәптерлеріне жазады.Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз.

Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бес баусақ» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.

  • Сергіту сәті:

Бір, екі, үш,

Ал , кәнеки, ұш.

Төрт, бес, алты, жеті,

Мынау ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, кәнеки, қон.

Оқушылар дауыстап бірге айтады.Оң және сол қолдарымен қимыл арқылы көрсетеді

  • Рефлексия

Адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі. «Ашық микрофон» әдісін қолдануға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу