Көктем мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Ертеңгілік шеңбер. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Өлең жолдарын қайталайды.

 Ойға толсын санамыз

«Бестік» болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

Топтарға бөлу

Таратпа материалдар

Мәтінмен жұмыс.

Көктем айлары: наурыз, сәуір мамыр. Көктемде күн жылынады. Қар ериді, найзағай ойнайды, жаңбыр жиі жауады. Құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады. Көктем – жылдың әдемі мезгілі.

«Жұбыңды тап» әдісі. Əр оқушыға сөздер жазылған парақтар беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сөздердің мағыналарын сəйкестендіріп, сөз тіркестерін құрайды. Құраған сөз тіркестеріне сұрақтар қояды Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындайды, жұптасып өз нұсқаларын айтады.

4-тапсырма. Берілген суретті пайдаланып, сөйлемді толықтырып жаз.

«Кім тапқыр? ойыны. Сандардың астындағы сұрақтарға жауап беру

Көктем қандай жыл мезгілі?

Көктемде ауа райы қандай?

Көктем айларын ата

Көктемде не болады?

Көктемнің бірінші айын ата?

Сәуір көктемнің нешінші айы?

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Қолдануға болатын суреттер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу