Көктем мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


3-сынып 3-тарау

Уақыт

9-сабақ. Көктем мезгілі

 Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым және жазылым дағдыларын шыңдау көзделеді.

 Оқушылардың барлығы:

 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, тірек сөздер негізінде сұрақтарға жауап береді, материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.

 Оқушылардың көпшілігі:

 Сурет, сызба негізінде оқиға желісін мазмұндайды, тірек сөздерді қолданып жазады

 Оқушылардың кейбірі:

 Тыңдаған мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді.

 

 Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

 Ескерту: кейбір көрнекіліктерді, АКТ қолдану мүмкін болған жағдайда, қағазға шығарудың қажеті жоқ.

  •   АКТ қолдану мүмкін болмаған жағдайда ғана берілген суреттерді және таратпа материалдарын шығарып алыңыз.
  •  Рефлексия жасауға арналған парақшаларды оқушылар санына сәйкес дайындап алыңыз.

 

 Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

  •  Оқушыларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алыңыз. Оқушыларға психологиялық ахуал орнатып, топ ережесімен таныстырыңыз. Үй тапсырмасын тексеру мақсатында балаларға «Атысу» стратегиясын өткізіңіз.
  •  Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлаңыз.
  •  Оқушыларды 1,2,3 сандары жазылған карточкалар арқылы 3 топқа бөліңіз.
  •  Сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп құрыңыз. Оқушылардың айтқандарын тақтаға немесе ватманға жазғызып, іліп қою ұсынылады.

 

 (Сөздікпен жұмыс) Бұл сабақтағы жаңа сөздер: қар ериді, жиі, найзағай ойнайды, бүршік жарады. Суреттерді пайдалана отырып, жаңа сөздердің мағыналарын ашып, сөздік дәптерлеріне жазғызыңыз.

 ТЫҢДАЛЫМ. Топқа бөлінген карточкалардағы сөздерден сөйлемдер құрастырып, оқиды. Топтардың өзара «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалауын және өз ой-пікірлерімен толықтыруын сұраңыз.

 «Көктем» туралы өлеңді мұқият 2 тыңдатыңыз. Оқушыларға таныс емес сөздерге түсінік беріңіз. Тыңдалған өлеңнің ішінен 3 негізгі ақпаратты тауып, айтылым ұйымдастырыңыз. Тапсырма дескрипторымен таныстырып, кері байланыс орнатыңыз.

 

 ТОПТЫҚ ЖҰМЫС. №10 слайдты ашыңыз. Оқушыларға берілген мәтінді мәнерлеп оқып шығуды ұсыныңыз. Оқылған мәтін негізінде әр оқушыға сөздер жазылған парақтар беріледі. Оқушыларға сынып ішінде жүріп, сөздердің мағыналарын сəйкестендіріп, сөз тіркестерін құратыңыз. Құраған сөз тіркестеріне сұрақтар қоюын тапсырыңыз.

  Тапсырмадан кейін кері байланыс жасаңыз.

 

  ЖЕКЕ ЖҰМЫС. №12 слайд.Грамматикалық қоржын. Етістік туралы ережені оқушылардың естеріне түсіріп, не істейді? Сұрағына жауап бергізіңіз, тапсырманы жазбаша орындатыңыз. Оқулықтағы тапсырмамен жазылым әрекетін ұйымдастырыңыз.

 

 ОЙ ҚОРЫТУ. «Кім тапқыр?» ойыны. Балаларға сандар астындағы сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беруін талап етіңіз.

 РЕФЛЕКСИЯ. Әр оқушыдан кезекпен сабақ бойынша жеткен жетістіктерін бағалауын сұралады. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.

 

 Әр оқушыға үй тапсырмасы материалдарын үлестіріңіз. №16 слайдты ашып, үй тапсырмасының орындалу ретімен таныстырыңыз. Тапсырманы орындау жолын барлық оқушылардың түсінгенін қадағалаңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу