Көктем мезгілі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім. Уақыт.

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Көктем мезгілі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұн желісі бойынша баяндау

3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу

3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, тірек сөздер негізінде сұрақтарға жауап береді, материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Сурет, сызба негізінде оқиға желісін мазмұндайды, тірек сөздерді қолданып жазады

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтінді мазмұндайды, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері

- жоспар және тірек сөздер негізінде сұрақтарға жауап береді;

- тірек сөздерді қолдана отырып мәтінді мазмұндайды;

- материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып дұрыс жазады.

Лексикалық минимум

Грамматикалық минимум

Іс-қимылды білдіретін сөздер, не істейді? сұрағы

Құндылықтарды дарыту

қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялай білу

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

АКТ қолданудағдылары

PowerPoint таныстырылымы

Бастапқы білім

ІІІ бөлім. Қыс айлары. № 7 сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Өлеңді хормен айтады.

Ойға толсын санамыз

«Бестік» болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

) Үй тaпcырма«Атысу» стратегиясы.

Балалар шеңбер құрып бір біріне өз сұрақтарын қояды. Тез және нақты жауап беру керек.

Сабақ мақсаттарымен таныстыру.

- тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін;

- тыңдаған мәтінді тірек сөздер негізінде мазмұндаймын;

- мәтін мазмұнын тірек сөздерге сүйеніп дұрыс жазамын.

Таныстырылым № 2

Таныстырылым № 3

Таныстырылым № 5

Сабақтың ортасы

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: қар ериді, жиі, найзағай ойнайды, бүршік жарады

1. Осы сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырады:

4. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.

Тыңдалым алды тапсырмасы. Оқушылар 1,2,3 сандары жазылған карточкалар арқылы 3 топқа бөлінеді.

(Т) Карточкадағы сөздерден сөйлемдер құрастырып, оқиды.

Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, өз ой-пікірлерімен толықтырады.

Кері байланыс:

Тапсырманы орындауда не қиын болды?

Тыңдалым кезіндегі тапсырма.

(Ұ) Оқушылар тақырыпқа қатысты аудиоматериалды 2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі:

«Көктем» туралы өлеңді тыңдайды.

(Т) Өлең бойынша деңгейлеріне қарай сұрақтарға жауап береді, өз ой-пікірлерімен бөліседі.

Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

(Ж) Көктем туралы негізгі 3 ақпаратты тауып айту.

Дескриптор:

  • Негізгі 3 ақпаратты табады
  • Тілдік нормаларды дұрыс қолданады..

Кері байланыс:Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?»

Сергіту сәті.

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

(Т) 2-3 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқиды.

Көктем айлары: наурыз, сәуір мамыр. Көктемде күн жылынады. Қар ериді, найзағай ойнайды, жаңбыр жиі жауады. Құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады. Көктем – жылдың әдемі мезгілі.

«Жұбыңды тап» әдісі. Əр оқушыға сөздер жазылған парақтар беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сөздердің мағыналарын сəйкестендіріп, сөз тіркестерін құрайды. Құраған сөз тіркестеріне сұрақтар қояды Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындайды, жұптасып өз нұсқаларын айтады.

Кері байланыс:Тапсырманы орындау қиын болды ма?

Не қиын болды?

) Грамматикалық қоржын. Не істейді? сұрағына жауап жазады.

Күн ... . Қар ... . Жаңбыр ... . Найзағай ... . Құстар ... . Бүршік ... .

Жазылым.

4-тапсырма. Берілген суретті пайдаланып, сөйлемді толықтырып жаз.

«Кім тапқыр? ойыны. Сандардың астындағы сұрақтарға жауап беру

Көктем қандай жыл мезгілі?

Көктемде ауа райы қандай?

Көктем айларын ата

Көктемде не болады?

Көктемнің бірінші айын ата?

Сәуір көктемнің нешінші айы?

Таныстырылым № 6

Орфографиялық сөздік

http://emle.kz/uploads/files/7897c672483778e6da555373be5d1099.pdf

Таныстырылым № 7

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Сабақтың соңы

Рефлексия:

«Жетістік баспалдағы»

Әр оқушыдан кезекпен сабақ бойынша жеткен жетістіктерін бағалауын сұралады. Бұл сабақты қорытындылауға жақсы көмектеседі.

Үй жұмысы:

90 бет, № 5-тапсырма, жазбаша.

Таныстырылым № 13

Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушыныңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Саралауіріктелгентапсырмалар, нақтыбіроқушыданкүтілетіннәтижелер, оқушығадербесқолдаукөрсету, оқуматериалдары мен ресурстарыноқушыныңжекеқабілеттерінесепке ала отырыпіріктеу (Гарднердіңжиындықзияттеориясы) түріндеболуымүмкін.

Саралаууақыттыұтымдыпайдаланудыесепке ала отырып, сабақтыңкезкелгенкезеңіндеқолданылаалады.

Бұлбөлімдеоқушыныңсабақбарысындаүйренгенінбағалауүшінқолданатынәдіс-тәсілдеріңіздіжазыңыз.

Денсаулықсақтаутехнологиялары.

Сергітусәттері мен белсендііс-әрекеттүрлері.

Осы сабақтақолданылатынқауіпсіздіктехникасыережелерініңтармақтары.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу