Уақыт туралы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ бойынша)

Сабақ тақырыбы: Уақыт туралы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабаққа қажетті құралдар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Мен саған ... гүлін сыйлаймын» ойыны арқылы тілдерін жаттықтыралы. Бір-біріне өздері білетін сөздерді айтып, қағаз гүлді сыйға тартады. Мысалы: Мен саған бақыт гүлін сыйлаймын, мен саған сәттілік гүлін сыйлаймын, мен саған әдептілік гүлін сыйлаймын, т.б.
  • Тақырыпқа көшу мақсатымен «Жұмбақ» арқылы ой шақырып, тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада суртетті көрсетіңіз. Оқушылар кезек-кезек шығып, суретті сипаттайды немесе қасына өз ойын жазады;
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

Жаңа сөздердің мағыналарын ұйымдастыру кезеңінде қолданған сурет арқылы дамыталады. Оқушылардың жауабына мұғалім өз жауабына ұсынады. Оқушылар салыстырады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Мысалы, сөздердің мағынасын жақын, жуық сөздер арқылы меңгереді.

Қолдану ерекшеліктерін көрсету:

  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыңыз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Есте сақтаңыз:

Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.

Теориялық бөлім:

Алдымен етістіктің бұрынғы өткен шағын қайталап, оқушылар сөзді ауызша немесе жазбаша мысалдармен бекітіледі.

Практикалық бөлім:

Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.

  • Бірінші тапсырманы оқушылар топқа бөлініп орындайды. Суреттерді ретімен жинақтап, топ оқушылары ойын айтып дәлелдейді. Ол үшін алдымен, суретке қатысты тірек сөздерді түртіп алады;
  • Екінші тапсырманы жұптасып орындайды. Мәтінді мұқият оқиды, мазмұнын кесте арқылы баяндайды. Тапсырманы орындатпас бұрын, мұғалім өз шеберлігін қолданады. Алдымен, мәтінді дауыстап (іштей) оқытады. Оқушының түсінігі қалыптасқан соң мазмұндайды;
  • Соңғы тапсырма жеке орындалады, сұрақ құрастырып, сұраққа жауап беру арқылы оқушы меңгерген білімін, жинақтаған сөздік қорын қолданғанын көрсетеді. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз. Оқушы мәтінді меңгерген соң, сұраулы сөздерді қолданып, өз көршісіне бұрынғы өткен шақты қолданып сұрақ қояды, көршісі бұрынғы өткен шақта жауап береді. Жауап қабылданған соң, солай жалғаса береді.
  • Шартты белгілер:

Әр тапсырманың астында «қанат білгісі V» оқушыға қолдау, көмек ретінде берілген (назар аудару, бағыт беру). Бұл белгіні дескриптормен шатастырмаңыз.

  • Бағалау:

Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ» түрін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.

  • Сергіту сәті:

Таңертең – оянамыз, жуынамыз.Күндіз – ойнаймыз секіреміз.Кешке – мектептен ораламыз, теледидар көреміз.Түнде - ұйықтаймыз.

Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)

  • Рефлексия

Адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі. Сабаққа қатысты «Бес саусақ» әдісін қолдануға болады. Оқушы тізбектей отырып, рефлексия жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу