Уақыт және мен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.


Уақыт және мен

Ж2. Эссе жазу

7.Ж2.Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу

себептерін айқын көрсетіп жазу.

Бағалау критерийлері:

Критерийлері

5

4

3

1

Эссе құрылымы

Тұтас мәтін ретінде берілген.

Ойы абзацтарға бөлінген.

Абзацтардың ішкі құрылымы дұрыс. (тұжырым, аргумент, қорытынды)

2

Идеясы

Өз көзқарасын автор ойымен байланыстырып білдіре алды.

Өз көзқарасын білдіре алды.

Автор көзқарасын ашты.

3

Грамматика

Қателер елеусіз.

Қателер мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді.

Қателер елеулі. Кей тұстарда мағынасы түсініксіз.

4

Лексика

Сөздік қоры бай (тұрақты тіркестер, синонимдер, перифраз).

Қарапайым лексиканы қолданған.

Сөз қайталаулары жиі кездеседі.

Тапсырма:

Алмас Темірбайдың өлеңін еске түсіріп оқыңыз;

«Алмас Темірбайдың уақытты өткізу бойынша ұсынған жолымен қаншалықты келісесіз?» Ойыңызды эссе формасында ұсыныңыз. Көлемі – 100-110 сөз.

Алмас Темірбай

Сен қазір жассың, баласың,

Іздегеніңді табасың,

Қолыңда тұрған уақытқа,

Барлығын сатып аласың.

Ақшаны ойлап, құнықпа,

Күнәға батып, былықпа.

Ұмтыламын деп ертеңге,

Бүгінгі күнді ұмытпа!

Жаныңа шуақ нұр беріп,

Қуантты бүгін кім келіп?

Жазып жүр жақсы нәрсені,

Бүгіннен бастап күнделік.

Бүгіннен баста барлығын,

Бүгінің – жұмбақ тағдырың.

Ертеңнен емес, бүгіннен

Басталсын сенің әр күнің.

Бұл уақыт деген шынымен,

Өлшенбес сағат тілімен.

Өлшенер уақыт – іспенен,

Не істедің бүгін күнімен?!

Не істедің бүгін күнімен?!

Не істедің бүгін түнімен?!

Ісіңнен сол бір не қайыр,

Не пайда соның бірінен?!

Өмірдің құнын білдің бе?

Жоқ, босқа өмір сүрдің бе?

Жұмсадың қайда уақытты,

Не істедің осы бір күнде?

Түнімен жүріп көшеде,

Үйіңе жеттің нешеде?

Бір сағат уақыт күн сайын,

Бөлдің бе әке-шешеңе?

Ұйқымен өтті неше күн,

Күлкімен өтті неше күн?

Барғанда Құдай алдына,

Бересің соның есебін...

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/olen/5259-almas.html© www.ZHARAR.com



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу