Ақылды Мирас № 10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, презентация.
Болжайық!
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Білім көзі - ақылда.
Ақыл басқа - қына тасқа.
Сабақтың тақырыбы:
Ақылды Мирас
Сабақтың мақсаттары:
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;
сөздерді сауатты жазамын;
- жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданамын.
Сөздік қоржын
Мұғалім қатемді түзетті. Марат рас айтады.
Оқылым!!!
Мәтінді оқы, түсініксіз сөздердің астын сыз.
Мирас – ақылды бала. Ол кітапханаға жиі барады, себебі кітап оқығанды жақсы көреді. Бүгін ол кітапханадан ертегі алды. Кешке анасына оқыған ертегісі туралы айтты. Ертегі өтірік айтып, соңында өз қатесін түсінген түлкі туралы екен. Мирас анасына:
- Ана, ертегі қызықты ма? - деді.
- Рас, қызықты екен деді, - анасы.
Оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
Мирас қандай бала?
Неліктен Мирас кітапханаға жиі барады?
Мирас анасына не туралы ертегі айтып берді?
Анасына ертегі ұнады ма? Неге?
Кері байланыс
Постер құрастыру
Тірек сөздер: кітап оқу, кітапханаға бару, ертегі айту, рас, қате.
Дескриптор
- сурет бойынша постер құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
- сөздерді сауатты жазады;
- постерді қорғайды.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ!
- тапсырманы орындауда қателер болды!
- тапсырманы орындау қиын болды!
Кері байланыс
Грамматикалық қоржын
1. ... үлкен кісілерге орын беремін.
2. ... атасына көмектесті.
3. ... кітапханаға бардық.
4. ... кешікпей кел.
5. ... кітап оқыған ұнайды.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, жаз.
Қажетті сөздер: маған, мен, ол, сен, біз.
Грамматикалық қоржын
Дұрыс жауап
1. Мен үлкен кісілерге орын беремін.
2. Ол атасына көмектесті.
3. Біз кітапханаға бардық.
4. Сен кешікпей кел.
5. Маған кітап оқыған ұнайды.
Сұрақтың көмегімен «мен» және «сен» сөздерін өзгерте отырып, диалогті оқиды.
- Сен (кімге?) қандай ертегі ұнайды?
- Мен (кімге?) «Қаңбақ шал» ертегісі ұнайды. Ал сен (кімнің?) сүйікті ертегің қандай?
- Мен (кімнің?) сүйікті ертегім – «Ер төстік». Өйткені бұл ертегі ерлікке үйретеді.
- Мен (кімде?) ертегілер кітабы бар. Кітапта ертегілер өте көп.
- Керемет! Кітапты мен (кімге?) бере аласың ба?
- Әрине, ал.
- Рақмет!
Дескриптор
сұрақтың негізінде жіктеу есімдіктерін өзгертіп айтады;
- дауыс интонациясын сақтап оқиды
Есте сақта!
«Кітап оқымайтын адам ой ойлаудан да тыйылады»
Д. Дидро
Рефлексия
«Алма ағашы»
Қызыл алма – бәрі түсінікті
Жасыл алма – сұрақтарым бар
Сары алма – түсініксіз
Кітапты ұқыпты ұстау ережесін құрастыру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру