Ақылды Мирас № 10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ақылды Мирас № 10

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​5.​1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мұғалімнің көмегімен мәтін құрастырады, жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп жазады, сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады, сөздерді сауатты жазады, сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтін құрастыруда тірек сөздерді орынды қолданады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады; сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін лексика-грамматикалық нормаға сай қолданады.

Бағалау критерийлері

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады;

- сөздерді сауатты жазады;

- сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Рас, қате

Грамматикалық минимум

Жіктеу есімдіктері

Мен, маған, сен, саған

Құндылықтарды дарыту

Кітапқа, білімге деген әуестігін дамыту, еңбекке баулу

Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

І бөлім. Дос болайық № 10

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Ертеңгілік шеңбер: «Жылы жүрек!»

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Бір-біріне жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен жеткізеді. Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, адал доссың, қайырымдысың, әдептісің, өнерлісің, еңбекқорсың, ақылдысың, т.б.

Оқушылар берілген сөздерден мақал құрастырады, жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Білім көзі - ақылда.

Ақыл басқа - қына тасқа.

Балалар бұл мақалдар не туралы?

Бүгінгі тақырып қалай аталады деп ойлайсыңдар?

Ақылды бала дегенде қандай ой келеді?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;

- сөздерді сауатты жазамын;

- сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданамын.

Таныстырылым № 1

Таныстырылым № 2

Таныстырылым № 3-4

Сабақтың ортасы

(30 мин)

(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Ақылды, жаман

1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгерту

Жаңа сөздер

Мағынасы жақын сөз

Мағынасы қарама-қарсы сөз

қате

бұрыс

дұрыс

рас

шын

өтірік

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:

- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;

3. Сөйлемдер құрастыру.

Мұғалім қатемді түзетті. Марат рас айтады.

5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздікке сүйеніп дәптерге жазады.

Оқылым алдындағы сұрақтары.

(Ұ) Ой шақыру:

- Балалар, сендер кітап оқығанды жақсы көресіңдер ме?

- Қандай кітап оқисыңдар?

Оқылым кезіндегі тапсырма.

(Ұ) Мәтінді оқиды, түсініксіз сөздердің астын сызады.

Мирас – ақылды бала. Ол кітапханаға жиі барады, себебі кітап оқығанды жақсы көреді. Бүгін ол кітапханадан ертегі алды. Кешке анасына оқыған ертегісі туралы айтты. Ертегі өтірік айтып, соңында өз қатесін түсінген түлкі туралы екен. Мирас анасына:

- Ана, ертегі қызықты ма? - деді.

- Рас, қызықты екен деді, - анасы.

(Ұ) «Попкорн» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінге ат қояды.

  • Мирас қандай бала?
  • Неліктен Мирас кітапханаға жиі барады?
  • Мирас анасына не туралы ертегі айтып берді?
  • Анасына ертегі ұнады ма? Неге?

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

(Т) Оқушылар түстер бойынша топқа бөлінеді. Берілген тірек сөздер мен суреттерді пайдаланып, постер құрастырады, басқа топтардың алдында қорғайды.

Тірек сөздер: кітап оқу, кітапханаға бару, ертегі айту, рас, қате.

Дескриптор:

- сурет бойынша постер құрастырады;

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;

- сөздерді сауатты жазады;

- постерді қорғайды.

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

(Ө) Грамматикалық қоржын. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, жазады.

1. ... үлкен кісілерге орын беремін.

2. ... атасына көмектесті.

3. ... кітапханаға бардық.

4. ... кешікпей кел.

5. ... кітап оқыған ұнайды.

Қажетті сөздер: маған, мен, ол, сен, біз.

Кері байланыс: Оқушылар өз жұмыстарын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып, тексереді. Мұғалім ауызша комментарий береді, жұмыстарын жинап алады.

(Ж) Сұрақтың көмегімен «мен» және «сен» сөздерін өзгерте отырып, диалогті оқиды.

- Сен (кімге?) қандай ертегі ұнайды?

- Мен (кімге?) «Қаңбақ шал» ертегісі ұнайды. Ал сен (кімнің?) сүйікті ертегің қандай?

- Мен (кімнің?) сүйікті ертегім – «Ер төстік». Өйткені бұл ертегі ерлікке үйретеді.

- Мен (кімде?) ертегілер кітабы бар. Кітапта ертегілер өте көп.

- Керемет! Кітапты мен (кімге?) бере аласың ба?

- Әрине, ал.

- Рақмет!

Дескриптор:

- сұрақтың негізінде жіктеу есімдіктерін өзгертіп айтады;

- дауыс интонациясын сақтап оқиды

Кері байланыс: Мадақтау. Не ұнады? Не нәрсені жақсарту керек?

Есте сақта! «Кітап оқымайтын адам ой ойлаудан да тыйылады» Д. Дидро

Таныстырылым № 5

Қате

Таныстырылым № 6

Таныстырылым № 7-8

Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10

Таныстырылым № 11

Таныстырылым № 12

Таныстырылым № 13-14

Таныстырылым № 15

Таныстырылым № 16

Таныстырылым № 17

Сабақтың соңы

(5мин)

Рефлексия: «Алма ағашы»

Оқушылар түрлі-түсті алмаларды ағашқа жабыстырады.

Қызыл алма – бәрі түсінікті

Жасыл алма – сұрақтарым бар

Сары алма – түсініксіз

Үй жұмысы:

Кітапты ұқыпты ұстау ережесін құрастыру.

Таныстырылым № 18

Таныстырылым № 19

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу