Саяхат Демалыс туралы әңгімелерін айту - ойларын білдіру (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Саяхат Демалыс туралы әңгімелерін айту - ойларын білдіру (3-сабақ) | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т4 Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Тақырыпқа қатысты жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және мағынасын түсінеді. | ||||||||||||||
Сөздік қор | Астанада тұратын, жиналды, сүйікті, жеңіл көлік, көңілді келді. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет көрсету | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | дүниетану | ||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Демалыс туралы қысқа әңгімелерді мазмұндай алады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту. (Ұ) «Сызбаны сөйлет» Өткен сабақта қарастырған бейнематериал желісі бойынша тірек сөздерге сүйене отырып, ойын жеткізеді. Бір күні...... ..................... жиналды. ..................... алды. ......................барды. ...................... ұшты. | Презентация | |||||||||||||
Сабақ ортасы
7 мин 15 мин 3 мин 7 мин | Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. (Ж) «Соңғы сөзді мен айтайын» Оқушыларға берілген кестедегі сұрақтарды бір-біріне жұпта оқи отырып, тірек сөздерді қолданып болжаммен жауап береді. Тыңдалым алды жұмыс жүргізіледі. Астанада тұратын, жиналды, сүйікті, жеңіл көлік, көңілді келді.
(Ө, Қ) «Ақпаратты ірікте» Әрбір оқушы мәтінді тыңдай отырып, берілген оқиғаны сурет арқылы бейнелеп көрсетеді. Алдымен мұғалім мәтінді тұтас оқып шығады. Содан кейін мәтінді бөліктерге бөле отыра әрбір сөйлемге назар аударады. Мәтін бойынша салған суреттерін сынып алдында қорғайды. Тыңдалған мәтін мен суреттің сәйкестігін оқушылар тексеріп отырады. Қыс келді. Балалар қысқы демалысқа шықты. Айдос Астанада тұратын атасы мен әжесіне жиналды. Ол өзімен жылы киімдер, шаңғы, сүйікті кітабын алды. Айдос Астанаға жеңіл көлікпен барды. Астанада ол жеті күн болып, үйіне көңілді келді. (Ө) «Полюстер» Әр оқушы өз жұмысына кері байланыс береді.Дұрыс орындадым деген оқушылар мұғалімнің оң жағына тұрады. Қателіктерім бар деген оқушы сол жағына тұрады. Жіберген қателіктері туралы қысқаша тоқталып өтеді.
(Ұ) «Дұрыс-бұрыс» ойыны. Оқушылар өз заттары арқылы топқа бөлінеді. Топтарға дайындалуға екі минут беріледі. Әр топ екі дұрыс, екі бұрыс ақпаратты ауызша кеңесе дайындайды. Топтар бір-бірін тыңдай отырып дұрыс-бұрыстығын анықтайды. | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | (МК) "Пайыздық көрсеткіш" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру. 25% 50% 100% |
| |||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Бір-бірін итермеу, жүгірмеу | |||||||||||||
|
| Сергіту сәттерін өткізу; қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||
Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру