Саяхат Демалыс туралы әңгімелерін айту - ойларын білдіру (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5

Күні: 2.02.2016

Сынып: 2

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Саяхат

Демалыс туралы әңгімелерін айту - ойларын білдіру (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О2 Қарапайым әңгімелерді (оқиғаны) түсініп оқиды.

А1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен қарапайым әңгімелерді (оқиғаны) түсініп оқиды, өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Қарапайым әңгімелерді (оқиғаны) түсініп оқиды, өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді.

Кейбір оқушылар:

Қарапайым әңгімелерді (оқиғаны) толықтай түсініп оқиды,өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жүйелі жеткізеді.

Жетістік критерийлері

Қарапайым мәтінді түсініп оқиды және мазмұндай алады.

Әңгімелеу барысында өз ойын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізе алады.

 Сөздік қор

Серуендеуге шықты, «Қуаласпақ» ойыны, өткізді, әсем дауыс, бұлбұл, қарлағаш.

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Демалыс туралы қысқа әңгімелерді мазмұндай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ) "Жүректен жүрекке" тренингі.

Бір-біріне жылы тілектер айтып, жақсы көңіл-күй сыйлау.

Сабақ ортасы

13 мин

3 мин

10 мин

7 мин

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

(Ұ) «Үстел басындағы әңгіме»

Оқушыларға бір мәтін беріледі. Әр оқушы мәтінді үштей екі рет түсініп оқиды. Мәтін оқылғаннан кейін әр оқушы жұп тауып, түсінген мәтінді айтып береді. Мәтінді топта айтып алған соң шағын топтар құрайды. Топ мәтінді мазмұнын сақтай отырып, реттілікпен айтып шығады. Шағын топтарда мәтіндегі тірек сөздердің асытын сызып шығады. Мәтінге атау қояды. Мәтінді әрі қарай 2-4 сөйлеммен жалғастырады. Жұмыстарын сынып алдында қорғайды.

Демалыс күні қарлығаш ұясынан ұшып шықты. Көк аспанда көп уақыт ұшып жүрді. Бір кезде орманнан бір әсем дауыс естілді. Бұл дауыс бұлбұлдың әні еді. Қарлығаш әнді ұзақ тыңдады. Бұлбұл әні қарлығашқа өте ұнады.

(Ұ) Сергіту сәті

Бейнематериалдағы қимылдарды әуенге сай қайталап жасайды.

(Ж) "Кейіпкерің қандай?"

Оқушыларды кейіпкерлердің суреттері арқылы жұптарға бөлінеді. Оқылған екі мәтін негізінде өз кейіпкері туралы сипаттау сөздерін қолданып, өз ойларын дәлелдеп айтады.

, Қ) "Сана аллеясы".

Оқушылар өз суреттері арқылы (құстар, жануарлар) 2 топқа бөлініп, сол туралы мәтіндерін қорғайды. Мәтінге қатысты өз көзқарастарын мәтіннен дәлел келтіріп айтады.

Құстар туралы мәтін қызықты, өйткені ......

Бота мен құлын туралы мәтін қызықты, өйткені ......

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=sPX27NNVWCY

Сабақтың соңы

4 мин

(МК) "Пайыздық көрсеткіш" арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

25% 50% 100%

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бір-бірін итермеу, жүгірмеу

Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу