Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні: 4.10. 2016 Сынып: 2 С | Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.5.1.1 заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану. | |||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады. Көптеген оқушылар: заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады. Кейбір оқушылар: заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде еркін қолданады. | |||||||
Бағалау критерийлері | Заттың атын, сынын және қимылын білдіретін сөздерді сөйлеу және жазу барысында дұрыс қолданады. | |||||||
Тілдік мақсаттар | тату, қамқор, мейірімді, ақылды, көмектеседі, жақсы көреді, ұзын бойлы, орта бойлы, қатал, ақ көңіл, сабырлы, әдепті, тәрбиелейді, қамқор болады, ақыл айтады. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет көрсету | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||
Бастапқы білім | Отбасы мүшелерін сипаттай алады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 мин | (Ұ) Қызығушылықты ояту. Сигнал карталарымен жұмыс. Кеспе қағаздарға қандай? кім? не істеді? сұрақтарын жазып, сөздер мен сөз тіркестерін тыңдай отырып, тиісті карточканы көтереді. Әдепті, іні, анам көмектеседі, әкем, ақыл айтады, ұзын бойлы аға, шағын отбасы, қамқор, әжем үйретті, тату. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | |||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 1 мин 10 мин 10 мин | (Ж) «LearningApps» бағдарламасымен жұмыс. Оқушылар жұппен ноутбукта сөздерді оқи отырып, сұрақтарына сай жіктейді. Барлық сөздерді жіктеп болған соң, жасаған жұмыстарын тексеріп, нәтижесімен сыныппен бөліседі. Қандай? сабырлы, мейірімді, ұзын бойлы, әдепті, қамқор, ақылды, орта бойлы, қатал, ақ көңіл. Кім? анашым, әкем, ағам, сіңлі, әпке. Не істейді? қамқор болады, тәрбиелейді, үйретеді, көмектеседі, ақыл айтады, серуендейді, тамақ пісіреді. (Ұ) Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді. (МК,Ө) «5 жолды өлең». Оқушылар мұғаліммен бірлесе берілген үлгі бойынша 5 жолды өлең құрастырады. Содан соң 5 жолды өлеңді өздігінен құрастырып жазады.
(Ө) «Адасқан сөздер». Оқушылар берілген сөздердің ретін тауып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазады.
| |||||||
Сабақтың соңы 4 мин | Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысына баға береді. | |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру