Компьютерлік желілерді ұйымдастыру. Информация, 10 сынып, презентация.
Компьютерлік желі дегеніміз не?
Оқушылардың жауабы: барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желіде компьютерлердің қандай екі түрі бар?
Оқушылардың жауабы: Желіде екі түрлі компьютер - серверлер мен жұмыс станциялары бар.
Сервер дегеніміз не? Жұмыс станциясы дегеніміз не?
Оқушылардың жауабы: Сервер-пайдаланушының ақпараттық тапсырмасын орындайтын желідегі басты компьютер, пайдаланушыға түрлі ақпараттық қызметтерді ұсынады және желіде жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жұмыс станциясы-серверлер ұсынатын қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін дербес компьютер.
Қандай желілер жергілікті деп аталады? Мысалдар келтіріңіздер.
Оқушылардың жауабы: Жергілікті желі-бір-бірінен аз қашықтықта орналасқан компьютерлерді біріктіру.
Қандай желілер жаһандық деп аталады? Мысалдар келтіріңіздер.
Оқушылардың жауабы: Жаһандық желі-бұл әлемдік ақпараттық ресурстарды ортақ пайдалану үшін үлкен қашықтықта орналасқан компьютерлерді біріктіру.
«Дүниежүзілік тармакталған желі» немесе WWW ұғымын түсіндіріңіз
Оқушылардың жауабы: Дүниежүзілік тармакталған желі немесе WWW - негізгі компоненттері гипермәтіндік құжаттар болып табылатын ақпараттық жүйе. Веб-құжаттарға қол жеткізу веб-серверлердің көмегімен жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, бұл ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құралы.
Файлдарды жіберу дегеніміз не(FTP)?
Оқушылардың жауабы: Файлдарды жіберу(FTP) - бұл желінің әрбір пайдаланушысына қашықтағы компьютерде сақталған бағдарламалар мен құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін электрондық ақпаратты беру жүйесі.
Электрондық пошта дегеніміз не?
Оқушылардың жауабы: Электрондық пошта - бұл телекоммуникациялық желіні пайдаланушылар арасында электрондық хат-хабарларды жіберу жүйесі.
Как вы думаете, как компьютеры находят друг друга в сети, ведь все сайты, которые мы посещаем находятся на разных компьютерах и достаточно удаленных друг от друга?
Қалай ойлайсыз, компьютерлер бір-бірін желіде қалай табады, өйткені біз ашатын сайттар түрлі компьютерлерде болады және бір-бірінен алыс орналасқан?
Оқушылардың жауабы: Компьютерлер бір-бірін бірегей нөмірлері арқылы табады.
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желілерді ұйымдастыру
Цели обучения:
IP-мекен-жайдың мәні мен көрсетілуін түсіндіру
домендік атаулар жүйесінің мәнін түсіндіру (DNS)
Деректерді бір компьютерден екіншіге дұрыс жеткізу үшін жіберуші мен алушыны білу қажет. Осылайша, Интернет желісіне қосылған әрбір компьютерде өзінің бірегей мекен-жайы бар. Компьютерлерде барлық ақпарат сандық түрде ұсынылады, сондықтан компьютерлерді пайдаланатын мекенжай сандық болып табылады.
IP-мекен-жайы
IP-мекен-жайы - бұл желілік компьютердің бірегей сандық мекен-жайы, ұзындығы 32 бит және әрқайсысы 8 бит бойынша төрт бөлік түрінде жазылады.
IP-мекен-жайы желі мекен-жайы мен желідегі компьютердің мекен-жайынан тұрады. Мекен-жай оңнан солға оқылады.
Мысал:
IP-мекен-жайы 128.250.33.199
128.250.33 – желілердің және ішкі желіліредің мекен-жайлары
199 – қолданушы компьютерінің мекен-жайы
Статикалық және динамикалық мекен-жайлар
IP-мекен-жайлары статикалық және динамикалық болуы мүмкін. Ақпарат сақталатын сервер үшін тұрақты IP-мекен-жайы қажет, әйтпесе деректер табылмайды. Бірнеше сағатқа Интернетке кіретін пайдаланушы үшін IP-мекен-жайы провайдерде бар бос нөмірлердің кейбір санынан динамикалық түрде бөлінуі мүмкін. Пайдаланушы қалауы бойынша тұрақты IP-мекен-жайы болуы да мүмкін.
Өз бетінше оқуға арналған ресурстар
https://ru.wikipedia.org/wiki/IP-%D0%B0%D0%B4%D1%80%D0%B5%D1%81
http://ru.smart-ip.net/what-is-static-ip
http://ru.smart-ip.net/what-is-dynamic-ip
Домен мекен-жайлары
Сандық мекен-жайлар-компьютерлер үшін сәйкестендірудің жалғыз ықтимал әдісі, бірақ Интернет пайдаланушылары үшін олар ыңғайсыз, өйткені кейде мағынасы болмайды, демек, іс жүзінде есте сақталмайды. Сондықтан Интернетте олардың аналогтарын мәтіндік көріністе пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Бұл домендік мекенжайлар деп аталады DNS (Domain Name System).
DNS (ағылшын Domain Name System —домен аттарының жүйесі)
Домен атауы — бұл белгілі бір әріптік бірізділігін белгілейтін сайттың аты немесе электрондық пошта жәшіктерінің аттарында пайдаланылатын аттар.
Кез келген атта оң жақта екі, үш немесе төрт әріптен тұратын бірінші деңгейлі домен жазылады. Ол елді немесе белгілі бір қызметке жататынын білдіреді. Бірінші деңгейдегі атаулар саны шектеулі.
Домен аты
Бірінші деңгейлі доменнің сол жағында екінші, кейде үшінші және төменгі деңгейдегі домендердің бір немесе бірнеше атаулары жазылады.
Екінші деңгейлі домен атауын компания таңдайды және оның атауы немесе қызметтері туралы ақпаратты көрсетеді, үшінші деңгейлі домен аты осы компанияның бөлімшесін білдіруі мүмкін.
Кейін, домендік атаудың сол жағында ақпарат сақталған компьютердің аты бар.
Мысалы, www.microsoft.com www атымен компьютер (сервер) .com бірінші деңгейлі доменге кіретін Microsoft доменінде орналасқан.
Жоғарғы деңгейдегі кейбір атаулар
Жұппен рефлексия
«Үш М».
Оқушылар сабақ барысында жақсы болған үш сәтті атайды және келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетті ұсынады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру