Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Геометря, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ 10.3В

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мирзабаева К.А.

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Тақырыбы

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1 кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі сала алады және сипаттай алады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар кооординаталары бойынша нүктені салуды, тікбұрышты координаталар жүйесінің осьтеріндегі және жазықтықтарындағы нүктелердің координаталарын анықтай біледі.

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

кеңістіктегі тікбұрышті координатлар жүйесі түсінігімен танысады, кооординаталары бойынша нүктені салуды, тікбұрышты координаталар жүйесінің осьтеріндегі және жазықтықтарындағы нүктелердің координаталарын анықтай біледі.

Пәндік лексика мен терминология:

- кеңістіктегі тікбұрышті координатлар жүйесі;

- координаталық осьтер;

- координаталық жазықтықтарды;

- октанталар.

Құндылықтарды

дамыту

Жұппен жұмыс істей алу, ұжымдық, шыдамдылық, жауапкершілік, әділдік қасиеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, физика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Түзу мен жазықтықтықтың өзара орналасуы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс- әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

5 минут

5 минут

Оқушылармен сабақ мақсаттарын талқылап, үй жұмысын тексеру;

Қайталау сұрақтары.

  • Жазықтық пен түзудің арасындағы бұрыш дегеніміз не?
  • Түзу мен жазықтықтың арақашықтығы дегеніміз не?
  • Түзу мен жазықтық қалай орналасуы мүмкін?

Ортасы

10 минут

5 мин

5 мин

10 мин

Жаңа материалға шолу.

О нүктесінде қиылысатын өзара перпендикуляр x, y, z координаталық түзулері координаталық осьтер, ал О(0; 0; 0) нүктесін координаталардың бас нүктесі дейміз. Әрбір координаталық осьті О нүктесі оң және теріс жарты оське бөледі. Координаталық осьтердің әрбір жұбы – x пен y, x пен z, y пен zкоординаталық жазықтықтарды анықтайды, олар былай белгіленеді:Оху, Оуz, Оzх. Координаталық жазықтықтар кеңістікті сегіз бөлікке бөледі. Ол бөліктерді октанталар деп атайды.

Осындай координаталық жүйенің көмегімен кеңістіктің әрбір нүктесіне нақты сандардың реттелген үштігін немесе керісінше әрбір үш санға жалғыз нүктені сәйкес қоюға болады. Кеңістікте М нүктесі берілсін. Нүктеден yz, zx, x y жазықтықтарына ММx, ММy, ММz перпендикулярын түсіреміз. Осы перпендикулярлардың ұзындықтарын сәйкес таңбаларымен алып, М нүктесінің координаталары деп атаймыз да М(a, b, c) деп белгілейміз.

 М нүктесінің координаталары М әрпінен кейін жай жақшалардың ішіне жазылып көрсетіледі: М(х; у; z), мұнда бірінші абсцисса, екінші ордината, үшінші аппликата жазылады. 116-суретте А(9; 5; 10), B(4; -3; 6), С(9; 0; 0), D(4; 0; 5), Е(0; 8; 0), F(0; 0; -3) нүктелері кескінделген.

Интерактивті тақтамен жұмыс

Миға шабуыл стратегиясын қолдану

Координаталары бойынша нүктелерді салыңдар

А(3; 1; 2), В(- 1; 4; 0), С(0; 0; 5)

А(8; 0; 0), В(0; 6; 0), С(0; 0; 7)

А(- 6; 0; 0), В(0; 10; 0), С(0; 0; 3)

АВСД төртбұрышының

параллелограмм екеніндәлелдеңдер

Төбелері А(4; 2; 1), В(3;- 1; 0), С(- 6;- 2; 5) D(- 5; 1; 6)

Төбелері А(2; 1; 2), В(4;- 4; 0), С(0;- 3;- 4) D(- 2; 2;- 2)

Төбелері М(- 3; 2; 0), N(1;- 6; 4), P(3; 4;- 2) K(7;- 4; 2)

“Ой толғаныс” стратегиясы

Венн диаграммасы ( жұптарға тапсырма)Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі мен кеңістіктегітік бұрышты координаталар жүйесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсет

Бекіту

Есептер шығару

№1. Координаталары бойынша А(3;1; 2), B(-1; 4; 0), С(0; 0; 53), D(2; 51; 0) нүктелерін салыңдар.

№2. А(1; 7; 3), B(3; 0; 0), С(1; 2; 0), D(0; 5; 1) нүктелдері берілген. Осы нүктелердің қайсысы 1) xy жазықтығында; 2) yz жазықтығында; 3) x осінде жатады?

№3. М(9; 5; 10) нүктесі берілген. Осы нүктеден координаталық осьтерге және координаталық жазықтықтарға түсірілген перпендикулярдың табандарының ұзындығын табыңдар.

№4. А(-4; 0; 0), B(5; -3; 0), С(0; 2; 0), D(4; -6; 0), Е(0; 0; -10), F(0; 9; -7) нүктелерінің ішінен а) Оx осінде; ә) Оy осінде; б) Оxy жазықтығында; в) Оyz жазықтығында жататын нүктелерді анықтаңдар

№5 Берілген М(0; 0; 5), К(0; -1; -2) нүктелеріне а) Оxy жазықтығына қарағанда; ә) Оy осіне қарағанда симметриялы нүктелердің координаталарын табыңдар.

Ю.Н. Макарычев Геометрия

10- сынып

http://sk.nis.edu.kz/Bank/Show/91217

Соңы

5 минут

Үйге тапсырма беру.

§19. № 5 (69 бет)

Рефлексия

Ауызша жүргізіледі.

-не үйрендім?

-нені үйренгім келеді?

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Жұптық жұмыс кезінде өз күшіне сенімсіз оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға сабақтың кез келген этапында көмек бере алады.

Оқушылардың өзара бағалауы арқылы және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Құндылықтар:

Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе жұппен жұмыс істегенде қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу