Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.5 - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі анықтамасын білу және оны кескіндей алу; 10.4.6 - кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеу; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеуді үйрету | ||||||
Бағалау критерийлері | - кеңістікте декарттық координаталар жүйесінің ұғымын біледі; - кеңістіктегі нүктенің координатасының түсінігін біледі; - декарттық координаталар жүйесіндегі нүктелерді қалай белгілеу керектігін біледі; | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: векторларға амалдар қолдануды сипаттау үшін үш өлшемді кеңістіктің терминдерін пайдаланады. Бөлім бойынша лексика мен терминология вектор жазықтық компланар векторлар жіктеу Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер векторды жіктеу. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Кеңістікте ойлауы арқылы оқушылардың функцияналдық сауаттылығын арттыруға ықпал ету. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарды пайдалану | ||||||
Бастапқы білім | Жазықтықтағы (Декарттық) координаталар жүйесі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі
Сіздер француз математигі Рене Декарт XIX ғасырда еңгізген жазықтықтағы (Декарттық) координаталар жүйесімен таныссыздар. Ал, кеңістіктегі координаталар жүйесін XVIII ғасырда неміс, орыс математигі Леонард Эйлер енгізген. | http://bilimdiler.kz/referat/2756-uly-matematikter.html | |||||
Сабақтың ортасы 15 мин 15 мин |
1-ші мәселелік сұрақ: Кеңістікте тікбұрышты координаттар жүйесін қалай беруге болады?
Сурет бойынша дәптермен жұмыс жүргізу ОХ – абсцисса осі ОУ – ордината осі OZ – аппликата осі i, j, k – бірлік өлшемдер (координаттық векторлар) О – координаттар басы 2-ші мәселелік сұрақ Кеңістікте нүктенің орнын қалай анықтаймыз? Жазықтықта нүктенің орнын қалай анықтағанымызды еске түсірейік. Нүктенің координаталары арқылы әрине: Мысалы : М(3;7). Олай болса «Кеңістікте нүктенің орнын қалай анықтаймыз?» сұрағына жауап бере аламыз. Нүктенің координаталары арқылы: Мысалы : М(3;7;5) Үш өлшемді кеңістіктегі нүктенің орналасуы туралы бейне материалды оқушыларға көрсету. Кеңістіктегі нүктенің координаталарын анықтау үшін, сол нүкте арқылы осьтерге параллель жазықтықтар жүргізу керек.
№1,2 есептерді оқушылар мұғаліммен бірге талдап шығарады. А(3;-1;0), В(0;0;-7), С(2;0;0), D(-4;0;3), Е(0;-1;0), Ғ(1;2;3), G(0;5;-7) және H(- ; ; 0;) нүктелері берілген. Бұл нүктелердің қайсысы: а) абсциссалар осінде; б) ординаталар осінде; в) аппликаталар осінде; г) Оху жазықтығында; д) Оуz жазықтығында; е) Охz жазықтығында жатады? №2. Берілген нүктелерді кеңістікте тікбұрышты координаттар жүйесінде кескіндеңіз:
Жеке жұмыста А жағдайында оқушылар берілген нүктенің координаталарын сурет бойынша жазады, В жағдайында координаталарын дайын координаталық жүйеге кескіндейді. Бағалау: өзін-өзі бағалау, мұғалімнің кері байланысы | Оқулық «Геометрия 10-11» Атанасян Л.С. т.б. 2011ж. Дидактикалық материал https://cdn.kutasoftware.com/Worksheets/Alg2/Points%20in%20Three%20Dimensions.pdf | |||||
Сабақтың соңы
|
Сабақта үйренген 3 нәрсе ... Сабақта орындаған 2 тапсырма … Жауабын білгім келетін 1 сұрақ…? | Дидактикалық материал https://cdn.kutasoftware.com/Worksheets/Alg2/Points%20in%20Three%20Dimensions.pdf | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау қабілеті жоғары оқушылардың топтық жұмыста қабілеті төмен оқушыларға көмектесуі арқылы жүзеге асады. | Өзін-өзі, бірін – бірі бағалау орын алады. | Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру