Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар (15 сағ) | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.4.5 - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі анықтамасын білу және оны кескіндей алу; 10.4.6 - кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеу; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларда кеңістіктегі декартты координаталар жүйесінде нүктелерді белгілеу дағдысын қалыптастыру. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Бөлім бойынша оқыту мақсаты Оқушылар:
Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар: векторларға амалдар қолдануды сипаттау үшін үш өлшемді кеңістіктің терминдерін пайдаланады. Бөлім бойыншалексика мен терминология
жіктеу | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту жұппен жұмыс, ұжымдық жұмыс арқылы бірін-бірі түсіну сыйласу, көмегімен және оқушылардың идеяларын бағалау арқылы оны тұлға ретінде қолпаштау көмегімен жүзеге асады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі, физика. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурстарын қолдану. | ||||||
Бастапқы білім | Жазықтықтағы декартты координаталар жүйесі, сан осі, нүктелерді белгілеу. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 2 мин | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Тақырыпты, сабақ мақсатын, жетістік критерийлерін анықтау. 3. Үй жұмысын тексеру. | ||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 5 мин 6 мин 10 мин 5 мин | 4. Жаңа тақырыпты беру.
5. Алғашқы бекіту. Жеке жұмыс.(мұғалімнің бағалауы)
Жұмыс дәптерде кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін енгізіңіз. Барлық белгілеулерді көрсетіңіз. Дескрипторлар(10- слайд) мұғалім бағалайды. 6. Ұжымдық жұмыс. Тікбұрышты координаталар жүйесінде координаталарымен берілген нүктені белгілеу ережесіне жаттығады. Сынппен талдап А-деңгейінің есебін шығарады. 7. Жұппен жұмыс.Бірін-бірі бағалауына бағытталған.Видеоматериалды тамашалау. Тапсырма берілгеннен кейін 4 мин 18 с. видео уақытша тоқтатылады. Оқушылар жұппен нүктелерді проекцияларын көрсете отырып, белгілейді. Дәптерлерін басқа жұппен алмастырады. Видеодағы жауап және дескрипторлар бойынша (17 слайд) бірін-бірі бағалайды. (Өзін-өзі бағалауға алмастыруға болады.) 8. Жеке жұмыс. Мұғалім бағалайды. Тікбұрышты координаталар жүйесінде координаталарымен берілген нүктені белгілеуге берілген есепті шығарады. Дескрипторлар бойынша оқушыларға көрсете отырып, мұғалім бағалайды. 9.Сабақты қорыту. Дескриптормен жұмыс. Қорытынды бағалау. | https://yandex.kz/video/search?filmId=11760880536577423464&text=%D0%BA%D0%B5%D2%A3%D1%96%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96%20%D1%82%D1%96%D0%BA%D0%B1%D2%B1%D1%80%D1%8B%D1%88%D1%82%D1%8B%20%D0%BA%D0%BE%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80%20%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96 | |||||
Сабақтың соңы 2 мин | Үй тапсырмасын беру. Рефлексия. Сабақтан алған әсірі бойынша толтырады. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады. Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді. | Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау.. | Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру