Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Геометрия. 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар (15 сағ)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.5 - кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі анықтамасын білу және оны кескіндей алу;

10.4.6 - кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндеу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларда кеңістіктегі декартты координаталар жүйесінде нүктелерді белгілеу дағдысын қалыптастыру.

 Бағалау критерийлері

  • кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі анықтамасын біледі;
  • кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін кескіндей алады;
  • кеңістіктегі нүктені оның координаталары бойынша тікбұрышты координаталар жүйесінде кескіндей алады.

 Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша оқыту мақсаты

Оқушылар:

  • кеңістікте векторларға амалдар қолдануды орындайды;
  • векторды үш компланар емес векторлар бойынша жіктейді.

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

векторларға амалдар қолдануды сипаттау үшін үш өлшемді кеңістіктің терминдерін пайдаланады.

Бөлім бойыншалексика мен терминология

  • вектор
  • жазықтық
  • компланар векторлар

жіктеу

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құндылықтарды дарыту жұппен жұмыс, ұжымдық жұмыс арқылы бірін-бірі түсіну сыйласу, көмегімен және оқушылардың идеяларын бағалау арқылы оны тұлға ретінде қолпаштау көмегімен жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, физика.

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарын қолдану. GeoGebra бағдарламасы.

Бастапқы білім

Жазықтықтағы декартты координаталар жүйесі, сан осі, нүктелерді белгілеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

1.Оқушылармен амандасу.

2.Тақырыпты, сабақ мақсатын, жетістік критерийлерін анықтау.

3. Үй жұмысын тексеру.

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

6 мин

8 мин

2мин

4. Жаңа тақырыпты беру.

  • Рене Декарт туралы тарихи мағлұматтар.
  • Кеңістікте тікбұрышты декартты координаталар жүйесін беру алгоритмі талданады.
  • GeoGebra бағдарламасында дайын материал демонстрацияланады.

5. Алғашқы бекіту.Ұжымдық жұмыс.(мұғалімнің бағалауы)

А-деңгейінің есептерін сыныппен талдап шығарады.

Дескрипторлар(10- слайд) Өзін-өзі бағалайды.

6. Жеке жұмыс. (мұғалімнің бағалауы)

В-деңгейінің есептерін шығарады.

Алғашқы есепке кері есеп - белгіленуі бойынша нүктелердің координаталарын анықтау.

7. Жұппен жұмыс.Бірін-бірі бағалауына бағытталған.

С-деңгейінің есебі.

Кембридж университетінің емтихан есебінің бір бөлігін жұппен ақылдасып шығарады

Уақыт аяқталғанда әр жұп өз жауабын парақта береді. Тақтамен тексереді.

(Өзін-өзі бағалауға.)

8.Сабақты қорыту. Бағалау критерийлері бойынша жалпы бағалау.

Дескриптормен жұмыс.

https://www.geogebra.org/m/pRy5SDv9

https://www.geogebra.org/m/KA6kpjZX

Сабақтың соңы

2 мин

Үй тапсырмасын беру.

Рефлексия.

Сабақтан алған әсірі бойынша толтырады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыс арқылы оқушылар бір-біріне көмектеседі. Жұбының ойын тыңдап, өз идеясын айтады.математикалық тіл байлығы артады.

Жеңіл есептен күрделіге ауысу көзделеді. Деңгейлік есептер берілген.

Бірін-бірі бағалау, мұғалімнің бағалауы, өзін-өзі бағалау..

Қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіреді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу