Кеңістіктегі түзудің теңдеуі. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар _____________________ Жуматаева М.Т

Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар

Мектеп: Шымкент қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткеркерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Әшір Қ.Б.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кеңістіктегі түзудің теңдеуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.21 - түзу теңдеуінің канондық түрінен параметрлік түріне көше алу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларға түзудің параметрлік теңдеуінің берілуін қорытып шығаруды үйрету және есеп шартына сай, алған білімдерін қолдана білу дағдыларын дамыту

Жетістік критерийлері

Білу және түсіну

Түзудің параметрлік теңдеуінің берілу формасын біледі

Білімін қолдану

Параметрлік теңдеумен берілген түзулердің қиылысу нүктесінің координатасын анықтай алады

Параметрлік теңдеумен берілген түзулердің өзара орналасуын анықтайды

Түзудің параметрлік теңдеуінен канондық түрде берілген түзу теңдеуіне көше алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар :

Түзудің берілу формасын және бір формадан екінші формаға өту үрдісін математикалық тілде ауызша баяндайтын болады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Нүкте, түзу, бағыттаушы вектор, коллинеарлық шарт, коллинеар вектор ұғымы, түзудің бойындағы нүкте, түзудің параметрлік және канондық теңдеуі және т.б.

Сөздік

Equation- теңдеу

Parametric equation of a line- түзудің параметрлік теңдеуі

Intersection of two lines- екі түзудің қиылысуы

Symmetric equation of a lineтүзудің канондық теңдеуі

Direction vector- бағыттаушы вектор

 Құндылықтарды

 дарыту

-өзінің әрекеттеріне деген жауапкершілікті өзіне жүктейді;

- өзінің мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінеді;

-дәлелді айғақтар келтірілгенде өзінің көзқарастарын қайта қарастырып, әрекеттерін өзгертуге дайын екендігін көрсетеді.

Пән аралық байланыстар

Бастапқы білім

Түзудің канондық теңдеуі. Векторлардың коллинеарлық шарты. Бағыттаушы вектор.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

(10 минут)

Ұйымдастыру кезеңі(1 минут): Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Өткен сабақты қайталау(9 минут): Түзудің канондық теңдеуін жазуға қатысты тапсырмалар беріледі

(екі нұсқада).

I нұсқа

II нұсқа

№1 А және В нүктелері арқылы өтетін түзудің канондық теңдеуін жазыңыз:

1)А(0; -3; -2), В(2; -1; 1)

2)А(1; 0; -1), В(2; 1; 0)

№1 А және В нүктелері арқылы өтетін түзудің канондық теңдеуін жазыңыз:

1)А(1; 1; 1), В(1; 2; 3)

2)А(-2; -3; 0), В(0; 2; 1)

№2 А нүктесі арқылы өтетін және векторына параллель түзудің канондық теңдеуін жазыңыз:

1)А(3;-3;1), (3;1;-2);

2) А(1;2;6), (7;2;-3).

№2 А нүктесі арқылы өтетін және векторына параллель түзудің канондық теңдеуін жазыңыз:

1)А(1;3;-5), (6;1;3);

2) А(-3;4;4), (2;-1;3).

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан соң өзара бағалауды пайдалана отырып, жанындағы көршісінің жұмысын дұрыс жауаппен тексеріп, өз кері байланысын беруін сұраймын. (есепті шығару жолын алдын-ала дайындап қоямын

(альтернативті варианттарын ескере отырып)).

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялаймын.

Қосымша-1

Сабақтың ортасы

(27 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру(7 минут):

Айталық, түзуі нүктесі арқылы өтіп, векторына параллель болсын(яғни -осы түзудің бағыттаушывекторы). Онда түзуінің кез келген нүктесі үшін және векторлары коллинеар болады:

, -қандай да бір нақты сан(параметр). Бұл теңдеу координаталық түрде былай жазылады:

немесе

жоғарыдағы теңдеуді түзудің параметрлік теңдеуі деп атайды. Бұл теңдеуден:

теңдіктері шығады, олай болса,

орындалады, яғни алдыңғы сабақтағы түзудің канондық теңдеуі келіп шығатындығын көріп отырмыз. Сабақты түсіндіріп болғаннан соң,сабақты бекіту мақсатында төмендегі мысалды оқушылармен бірге талқылаймыз.

Мысал: нүктесінен өтетін және векторына параллель түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыздар.

Жеке жұмыс (20 минут):

А-деңгейі

I нұсқа

II нұсқа

№1 А және В нүктелері арқылы өтетін түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыз:

1)А(0; -3; -2), В(2; -1; 1)

2)А(1; 0; -1), В(2; 1; 0)

№1 А және В нүктелері арқылы өтетін түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыз:

1)А(1; 1; 1), В(1; 2; 3)

2)А(-2; -3; 0), В(0; 2; 1)

№2 А нүктесі арқылы өтетін және векторына параллель түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыз:

1)А(3;-3;1), (3;1;-2);

2) А(1;2;6), (7;2;-3).

№2 А нүктесі арқылы өтетін және векторына параллель түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыз:

1)А(1;3;-5), (6;1;3);

2) А(-3;4;4), (2;-1;3).

В-деңгейі

және

түзулері айқас түзулер екенін дәлелдеңдер.

С-деңгейі

және түзулерінің қиылысатынын дәлелдеп, осы түзулер арқылы өтетін жазықтық теңдеуін жазыңыздар.

Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларда қиындықтар туған жағдайда, «бағыттаушы сұрақтар» қою арқылы есептің дұрыс шешіміне жетуге жол көрсетемін.

Қосымша-2

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс: Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі, оқушылар «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі бойынша кері байланыстарын береді.

Үй тапсырмасы: нүктесі арқылы өтетін және болатын түзуіне перпендикуляр және онымен қиылысатын түзу теңдеуін жазыңыздар.

Қосымша-3

Қосымша-4

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу