Дұрыс көпбұрыштар. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы

Дұрыс көпбұрыштар.

Шеңбердің ұзындығы, доғаның ұзындығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.2 дұрыс көпбұрыштың анықтамасын біледі

9.3.2.8 дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер мен іштей сызылған шеңбер туралы теоремаларды біледі

Қосымша 1

Жұптық жұмыс.

Тапсырмалар:

  • Дұрыс сегізбұрыштың бұрыштарын табыңыз.
  • Дұрыс көпбұрыштың қабырғалар санын табыңыз, егер:

а) оның әрбір бұрышы 140°-қа тең болса;

ә) оның әрбір сыртқы бұрышы 36°-қа тең болса;

  • Суреттегі ABCDЕ дұрыс бесбұрышты білдіреді. ал ∆ABF – теңбүйірлі үшбұрыш. AFЕ бұрышы неге тең?
  • ABCDЕ... дұрыс көпбұрышында BDЕ бұрышы 120°-қа тең. Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын анықтау.

Қосымша 2

Топтық жұмыс / Зерттеу жасау

1 топ:

Суретте бейнеленген көпбұрышта және бұрыштарының биссектрисалары жүргізілген. Бұрыш биссектрисалары О нүктесінде қиылысады.

Теорема1. Кез келген дұрыс көпбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болатытын және оның жалғыз болатынын дәлелдеңіз.

1. О нүктесін көпбұрыштың төбелерімен қосыңыз.

2. Пайда болған кесінділердің теңдігін дәлелдеңіз.

3. Көпбұрыш төбелеріне қатысты О нүктесінің орналасуы жайлы қорытыны жасаңыз.

4. Сырттай сызылған шеңбердің жалғыздығы жайлы қорытынды жасаңыз.

2 топ:

Суретте бейнеленген көпбұрышта және бұрыштарының биссектрисалары жүргізілген. Бұрыш биссектрисалары О нүктесінде қиылысады.

Теорема 2. Кез келген дұрыс көпбұрышқа іштей шеңбер сызуға болатынын және оның жалғыз болатынын дәлелдеңіз.

1. ОА1А2, ОА2А3 , ... ОА1Ап үшбұрыштарының биіктіктері тең болатынын дәлелдеңіз.

2. Көпбұрыш төбелеріне қатысты О нүктесінің орналасуы жайлы қорытыны жасаңыз.

3. Іштей сызылған шеңбердің жалғыздығы жайлы қорытынды жасаңыз.

Қосымша есептер

Жауаптары:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу