Дұрыс көпбұрыштар. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Жеңіл сұрақтар

  • Дұрыс үшбұрыш басқаша тағы қалай аталады?
  • Дұрыс төртбұрыш басқаша тағы қалай аталады?
  • Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы оның центрінен қандай бұрыштан көрінеді?
  • Дұрыс төртбұрыштың қабырғасы оның центрінен қандай бұрыштан көрінеді?
  • Дұрыс алты бұрыштың қабырғасы оның центрінен қандай бұрыштан көрінеді?
  • Қабырғасы 10см болатын квадратқа сырттай сызылған шеңбердің диаметрі неге тең?
  • Қабырғасы 4 см болатын алтыбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің диаметрі неге тең?
  • Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы 12 см болса, оған іштей сызылған шеңбердің радиусы қандай болады?

Күрделі сұрақтар

  • радиан бұрышы неше градусты құрайды?
  • Пентагон сөзі қалай аударылады?
  • Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы сырттай сызылған шеңбердің радиусынан неше есе артық?
  • Бір шеңберге іштей бесбұрыш және алтыбұрыш салынған. Бұл көпбұрыштардың қайсысының қабырғасы үлкен? Периметрі? Ауданы?
  • Дұрыс онбұрыштың қабырғасы оның центрінен қандай бұрыштан көрінеді?

Қосымша 2

Блок 1

21. Дұрыс онекібұрыштың ауданын табыңыз

22. Дұрыс сегізбұрыштың ауданын табыңыз

23. Дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

24. Дұрыс үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

25. Дұрыс алтыбұрыштың периметрін табыңыз.

26. Дұрыс алтыбұрыштың периметрі 72. х-ті табыңыз.

27. a:R қатынасын табыңыз.

28. a:r қатынасын табыңыз.

29. ABCD – дұрыс төртбұрыш. Іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

30. ABCD – дұрыс төртбұрыш. Сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

Қосымша 3

Блок 2

17*. Радиусы R болатын шеңберге дұрыс n-бұрыш іштей сызылған. Оның қабырғаларының орталары тізбектеліп қосылған. Пайда болған көпбұрыштың қабырғасын табыңыз, егер: а)n=6 b) n=8.

18*. Шеңберге дұрыс сегізбұрыш іштей сызылған. Егер осы шеңберге іштей сызылған квадраттың қабырғасы 8 см болса, сегізбұрыштың қабырғасын табыңыз.

19*. Шеңберге қабырғасы 4 см болатын дұрыс сегізбұрыш іштей сызылған. Осы шеңберге іштей сызылған:

А) квадраттың;

В) дұрыс үшбұрыштың;

С) дұрыс алтыбұрыштың қабырғасын табыңыз.

20*. Шеңберге қабырғасы а болатын дұрыс онекібұрыш іштей сызылған. Осы шеңберге іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың қабырғасын табыңыз.

21*. Радиусы 12 см шеңберге ABCD дұрыс төртбұрышы іштей сызылған, төртбұрышқа іштей сызылған шеңберге KMN дұрыс үшбұрышы іштей сызылған. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.

Үй жұмысы

А2 нұсқасы

В2 нұсқасы

1.Дұрыс онекібұрыштың бұрыштарын табыңыз.

2. Шеңберге сырттай дұрыс үшбұрыш пен дұрыс төртбұрыш сызылған. Үшбұрыштың периметрі Төртбұрыштың периметрін табыңыз.

3. Егер дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің радиусы 4 см болса, үшбұрыштың ауданын табыңыз.

1. Әрбір бұрышы 1560 болатын көпбұрыштың қабырғалар санын табыңыз.

2. Шеңберге сырттай сызылған дұрыс төртбұрыштың периметрі, осы шеңберге іштей сызылған алтыбұрыштың периметрінен 6 см артық. Шеңбердің радиусын табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу