Дұрыс көпбұрыштар. Геометрия, 9 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма:

Жұптық жұмыс.

Оқушылар өздері жұптарға бірігеді. / Өзін-өзі реттеу

Есепті шешпес бұрын, оқушыларға көпбұрыштың барлық бұрыштарының қосындысы (n-2)180° екенін еске түсіру және n-ші бұрыштың бір бұрышын табу формуласын бірге қорытып шығару:

Әр жұпқа келесі есепті шығаруды ұсыну:

  • Дұрыс сегізбұрыштың бұрыштарын табыңыз.

Шешуі: n=8 жоғардағы формулаға қойамыз, сонда дұрыс сегізбұрыштың бір бұрышы-135° тең.

  • Дұрыс көпбұрыштың қабырғалар санын табыңыз, егер:

а) оның әрбір бұрышы 140°-қа тең болса;

ә) оның әрбір сыртқы бұрышы 36°-қа тең болса;

Шешуі: оқушылар n-ші бұрыштың бір бұрышын табу формуласынан көпбұрыштың қабырғалар санын қорытып шығарады:

Жауабы: а) n=9; ә) n=10

  • Суреттегі ABCDЕ дұрыс бесбұрышты білдіреді. ал ∆ABF – теңқабырғалы үшбұрыш. AFЕ бұрышы неге тең?

  • ABCDЕ... дұрыс көпбұрышында BDЕ бұрышы 120°-қа тең. Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларының санын анықтау.

Топтық жұмыс. / Зерттеу жасау

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер жайлы және дұрыс көпбұрышқа іштей сызылған шеңбер жайлы теоремаларды дәлелдеуді ұсыну.

Оқушыларға келесі үлестірмелерді ұсыну.

1 топ:

Суретте бейнеленген көпбұрышта және бұрыштарының биссектрисалары жүргізілген. Бұрыш биссектрисалары О нүктесінде қиылысады.

Кез келген дұрыс көпбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болатынын және оның жалғыз болатынын дәлелдеңіз.

1. О нүктесін көпбұрыштың төбелерімен қосыңыз.

2. Пайда болған кесінділердің теңдігін дәлелдеңіз.

3. Көпбұрыш төбелеріне қатысты О нүктесінің орналасуы жайлы қорытыны жасаңыз.

4. Сырттай сызылған шеңбердің жалғыздығы жайлы қорытынды жасаңыз.

2 топ:

Кез келген дұрыс көпбұрышқа іштей шеңбер сызуға болатынын және оның жалғыз болатынын дәлелдеңіз.

1. ОА1А2, ОА2А3 , ... ОА1Ап үшбұрыштарының биіктіктері тең болатынын дәлелдеңіз.

2. Көпбұрыш төбелеріне қатысты О нүктесінің орналасуы жайлы қорытыны жасаңыз.

3. Іштей сызылған шеңбердің жалғыздығы жайлы қорытынды жасаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу