Центрлік және іштей сызылған бұрыштар. Геометрия, 9 сынып, презентация.
Центрлік және іштей сызылған бұрыштар
9.3.2.5 шеңбермен байланысты бұрыштарды (хорда мен жанама арасындағы, екі хорда арасындағы, екі қиюшы арасындағы) таба алады;
Миға шабуыл:
Центрлік бұрыш дегеніміз не?
Шеңберге іштей сызылған бұрыш дегеніміз не?
Белгісіз бұрыштарды табыңыз?
Салдар 1. Жанама мен хорданың арасындағы бұрыш : осы хордаға керілген доғаның жартысымен өлшенеді.
Салдар 2. Төбесі шеңбердің ішкі нүктесінде орналасқан вертикаль бұрыштар жұбының әрқайсысы: шеңбердің осы бұрыштар қабырғаларымен шектелген доғаларының жарым қосындысымен өлшенеді.
Салдар 3. Шеңберден тысқары қиылысатын екі қиюшының арасындағы бұрыш: осы бұрыш қабырғаларының арасындағы доғалардың жарым айырмасының абсолют шамасымен өлшенеді.
Жанама мен қиюшы арасындағы бұрыш – жанама мен қиюшы жасайтын шеңбер доғаларының айырмасының жартысына тең.
Екі жанама арасындағы бұрыш – өздері тірелетін доғалардың айырмасының жартысына тең
Сыныптық жұмыс:
№1. Шеңберден тысқары жатқан В нүктесі арқылы екі қиюшы жүргізілген. Сызбасын салыңыз.
a) Екі қиюшының арасындағы бұрыш 46°-қа тең. Екі қиюшы арасындағы ең үлкен доғаның бұрыштық шамасы 120°. Кіші доғаны табыңыз.
№2. Шеңберге АВ және АС хордалары жүргізілген. АС хордасына керілген доғаның бұрыштық шамасы 1250, ал хордалар арасындағы бұрыш 790. АВ доғасының градустық өлшемін анықтаңыз.
№3. АВ хордасына керілген доғаның бұрыштық шамасы 104°. Берілген хордамен В нүктесі арқылы жүргізілген жанаманың арасындағы ABC бұрышын табыңыз?
№4. Егер СА түзуі шеңберді А нүктесінде қиып өтеді, О нүктесі – шеңбердің центрі, шеңбердің AD доғасы ACO бұрышының ішінде орналасқан және 128° - қа тең болса, ACO бұрышын табыңыз.
№5 Шеңберден тысқары орналасқан С нүктесінде қиылысатын екі қиюшы ВМ және AK хордалары арқылы өтеді. Егер AMB және MAK іштей сызылған бұрыштардың градустық өлшемдері сәйкесінше 106° және 42°градусқа тең болса, онда ACB бұрышын табыңыз.
Рефлексия
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру