Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігі. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.8

іштей сызылған үшбұрыштың ауданын ( – үшбұрыштың қабырғалары, – сырттай сызылған шеңбер радиусы) және сырттай сызылған көпбұрыштың ауданының ( мұндағы – іштей сызылған шеңбер радиусы, көпбұрыштың жарты периметрi) формуларын білу және қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиустарының оның аудандарына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады;

 Жетістік критерийлері

  • Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана
  • Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусының оның ауданына тәуелділігін дәлелдейді және оны қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • үшбұрыш ауданының іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарымен байланысын дәйектеп айта алады;

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үшбұрыштарды шешу;
  • синустар теоремасы;
  • косинустар теоремасы;
  • жарты периметр;
  • пропорционал кесінділер.
  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: үшбұрыштың кез-келген қабырғасының квадраты ... ;
  • ... қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал;
  • үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы ... қатынасына тең;
  • ауданның жарты периметрге қатынасы ... болады;
  • медианалар қиылысу нүктесінде ... ;

биссектриса қабырғаны ... бөледі.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Физика, алгебра

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Бастапқы білім

Үшбұрыштар, төртбұрыштар. Синустар және косинустар теоремасы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

15 минут

Сергіту жаттығулары

5 минут

20 минут

30 минут

Топтық жұмыс

Оқушылар үш топқа бөлінеді

Оқушылар топта практикалық тапсырманы орындап, формуласын қорытып шығарады.

1) Үшбұрышты оған іштей сызылған шеңбердің радиустары арқылы өтетін сызықтар бойымен кесіңіз, содан соң әр бөлігін пунктир сызықтар бойынша кесіңіз.

2) бірдей түспен боялған үшбұрыштардан тіктөртбұрыштар құрастырыңыз, олардың бір қабырғасы іштей сызылған шеңбердің радиусына тең.

3) шыққан тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз. Тіктөртбұрыштардың ауданы мен берілген үшбұрыштың ауданын салыстырыңыз.

4) қорытындылап кез келген үшбұрыштың ауданының формуласын жазыңыз. Формуладан іштей сызылған шеңбердің радиусын анықтаңыз .

Сергіту жаттығулары орындалады

Топтық жұмыс

Сурет

Формула

Оқушыларды топтастырыңыз. Әр топ кез келген үшбұрыштың ауданын , мұнда үшбұрыш қабырғалары, ал АВС үшбұрышының радиусы, формуласы арқылы табуға болатынын дәлелдесін.

Дәлелдеу үшін әр топқа келесі нұсқаулықты беруіңізге болады:

1) үшбұрыштың ауданы формуласын оның екі қабырғасы мен арасындағы бұрыш арқылы жазыңыз .

2) сырттай сызылған шеңбер радиусының үшбұрыш қабырғасы мен қарсы жатқан бұрыштың синусына тәулділік формуласын қайталаңыз . Формуладан бұрыштың синусын анықтаңыз .

3) аудан формуласына синустың мәнін қойып, қажетті формуланы түрлендіріп шығарыңыз.

Жұптық жұмыс

А деңгейі

1. Үшбұрыш ауданы 24, ал іштей сызылған шеңбер радиусы 2-ге тең. Осы үшбұрыштың периметрін табыңдар.

2. Биіктігі 6-ға тең дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

3. Дұрыс үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусы 6-ға тең. Осы үшбұрыштың ауданын табыңдар.

4. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы -ке тең. Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

5. АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңберге үш жанама жүргізілген. Қиылған үшбұрыштардың периметрлері 6, 8. 10. Берілген үшбұрыштың ауданын табыңдар.

Б деңгейі

6. Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың катеттері . Осы үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

7. Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы -ке тең. Осы үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарын табыңдар.

8. Үшбұрыштың гипотенузасы 12-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

9. Үшбұрыштың қабырғасы 1-ге тең. Оған қарама-қарсы жатқан бұрыш 300. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

10. Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғалары 40-қа, ал табаны 48-ге тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусын табыңдар.

А.Н.Шыныбеков Геометрия 9 сынып

Zambak geometry 9 grade

ALİ

ЦZDUMAN

BAHAR

ЦZDUMAN

GEOMETRY

QUESTION BANK

MUHAMMET

Е.М.Рабинович

Геометрия 7-9 задачи на чертежах

Б.Г.Зив Геометрия 9 класс

Э.Н.Балаян Геометрия 7-9 класс задачи на чертежах

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Деген сұрақтарға жауап береді

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырмаларды шығарта отырып оқушының білімін арттыру

Сабақ барысында қалыптастырушы бағалау жүреді

Сергіту жаттығулары орындалады

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

А

В

Үй жұмысы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу