Есептерді шешуде векторларды қолдану (бекіту сабағы). Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы: | Есептерді шешуде векторларды қолдану (бекіту сабағы) | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.4.19 векторды есептер шығаруда қолдану | |||||||||
Сабақ мақсаттары | - векторды есептер шығаруда қолдану
| |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||
Саралау түрі
| Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқушыларға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалдары мен ресурстарды іріктеу кезінде және тапсырмаларды іріктеуде саралау көрсетіледі Саралау уақытты тиімді пайдалануды есепке алып қолданылған. Жеке жұмыс істеу барысында жасырынды саралау қолданылады. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім Жұптық және топтық жұмыс түрлері арқылы құндылықтарды бойларына дарыту жүзеге асады. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | География, тарих | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://bilimland.kz/ru/subject/geometriya/9-klass/primenenie-vektorov-k-resheniyu-zadach Tarsia | |||||||||
Бастапқы білім | Кесіндінің ортасының координаталары, нүктелердің арақашықтығы біледі | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру бөлімі 4 мин | Амандасу. Сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылармен сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін төменгі стратегияны өткіземін. Үй жұмысын тексеру, оқушылар дәптерлерді ауыстрады. Дайын жауаптарды өзара тексеру | Слайд 1 | ||||||||
Сабақтың ортасы Білімді жаңарту Қайталау 5 мин | «Компас» стратегиясымен оқушыларды топқа бөлемін. Компас әр оқушыға беріледі, компаста бағыттар алдын-ала белгіленеді - солтүстік немесе оңтүстік, батыс немесе шығыс (қызыл қаламмен бояп қоюға болады). Әрбір топ бағыттарға байланысты жиналады және топтарға біріктіреді. «Векторлардың қасиеттері мен перпендикулярлық және коллинеарлық шарты» тақырыптарын қайталау және деңгейін тексеру мақсатында «Tarsia» әдісін қолданамын. «Tarsia» қолдану ережесі: Сабақтың басталуына дейін мұғалім алдын ала фигураны киып алып әр топқа бөлуі керек. 2) Оқушылар тиісті қималарды қосу арқылы фигураны жинайды. Дайын фигуралар бойынша өз-өзін тексеру. | Қосымша 1 | ||||||||
Проблемалық сұрақ қою 5 мин | Проблемалық сұрақ: Осы есепті векторлардың көмегімен шешуге болады ма? Есеп 1. Бала шатырдан 60 м қашықтықта оңтүстікте, 120 м шығысқа қарай, солтүстікте тағы 100 метрде орналасқан лагерьден шығып, көлге жетті. Шатырдан көлге дейінгі ең қысқа қашықтық қандай? Сабақтың тақырыбы мен тапсырмалары оқушылардың жауаптарына негізделеді. Дәптерге сабақтың тақырыбын жазады, сабақтың мақсатын анықтайды | Слайд 2 Слайд 3-5 | ||||||||
Есептің шығарылу жолдары слайдта дайын дескрипторымен тұрады. Дескрипторлар: 1) масштапты таңдайды; 2) баланың қозғалысын тізбектеп көрсетеді; 3) бастапқы және соңғы нүктелерді қосады; 4) вектордың қорытқы күшін есептейді. Презентациядағы слайдтан дұрыс жауаппен салыстырады. Шешуі: 1см : 40м масштабты таңдаймыз. Баланың қозғалысын таңдалған масштабқа сәйкес векторлармен белгілейміз. Баланың қозғалысын көрсететін 1-вектордың бастапқы нүктесі үшінші вектордың соңғы нүктесімен қосамыз. Соңғы алынған , және қосындысын көрсетеді. Осы вектордың ұзындығы шамамен 126,4 метр, ал бағыты 18° бұрышпен берілген. Жауабы: Көл шатырдан 126,4 км қашықтықта орналасқан. | Слайд 6 Слайд 7 | |||||||||
3 мин | Тарихи мәліметтер. Векторлармен жұмыс жасағанда алгебра мен геометрияны біріктіретін аналитикалық геометрияны ойлап тапқан ғалымдар туралы мәліметтермен танысу.
| Слайд 8 | ||||||||
Жұптық жұмыс 10 мин | Жұптық жұмыста оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында белсенді әдістерді қолдану. «Сағат бойынша достар» стратегиясын қолдануды ұсынамын. Сағат 9, 12 және 15. Оқушымен осы әдіспен жұмыс істеу үшін алдын-ала циферблатты қағазға жұпқа шығарып алу ұсынылады, циферблатты әрбір оқушыға. Алдымен оқушылар бір-бірімен сойлесіп қай сағатта кездесетінін келіседі. Бір оқушымен 9 да, екіншісімен 12 де, келесімен 15 те кездесуі мүмкін. Осыдан кейін мұғалім бір уақытты айтады (мысалы сағат 9), содан оқушылар жұптасып отыра қалады да сол уақыттағы есептерді шығарады. Мұғалім оқушыларды тексеріп, кері байланысты беріп келесі уақытты айтады. Енді келесі уақытта басқа жұппен отырып есеп шығарады. Осылай үш рет қайталанып, есептердің дұрыс бұрыстығын бір-бірін тексереді. Тапсырмалар Есеп 1. Қызыл түспен көрсетілген векторларды әртүрлі жолмен , , векторларының қосындысы түрінде көрсетіңіз. Векторларды қосу ережесін қолданыңыз. Дескрипторлар: 1) векторды , арқылы өрнектейді; 2) векторды , , арқылы өрнектейді; 3) үшінші векторды , арқылы өрнектейді. Есеп 2. A(–2; –3), B(–3; 4) және C(4; 5) нүктелері берілген. ABС үшбұрышының ауданын тап. Дескрипторлар: 1) АВ қабырғасының ұзындығын табады; 2) ВС қабырғасының ұзындығын табады; 3) АС қабырғасының ұзындығын табады; 4) АВС үшбұрышының түрін анықтайды; 5) Үшбұрыштың ауданын табады. Есеп 3. «үшбұрыштың ортаңғы сызығы табанына параллель және оның жартысына тең» теоремасын векторларды пайдалана отырып дәлелдеу. Берілгені : ΔАВС, АК = КВ, АМ = МС. Дәлелдеу керек: КМ || ВС, КМ = ВС екенін. Дәлелдеуі: АК = КВ шартынан = екені шығады АМ = МС шартынан = .екені шығады Бірақ = - = - = ( - ) = . Алынған теңдік КМ || ВС, КМ = ВС екенін көрсетеді және осыны дәлеледеу керек болатын. Дескрипторлар: 1) К нүктесі АВ қабырғасын тең екі бөлікке бөледі деген шартты қолданады; 2) М нүктесі АС қабырғасын тең екі бөлікке бөледі деген шартты қолданады; 3) Берілген шарттарды векторларға қолданады; 4) КМ табу үшін векторлар ережесін қолданады; 5) Өрнектерді түрлендіру арқылы дәлелдейді. Дескрипторларды талдау және сатылай есептерді шешу | Циферблат карточка Қосымша 2 Слайд 9-10 | ||||||||
Жеке жұмыс 10 мин | Оқушылардың білім деңгейін тексеру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүргіземін. Қосымша 3 те бірінші және екінші қалыптастырушы бағалаулар бар. Оқушылар өз деңгейіне байланысты тапсырмаларды таңдайды. ҚБ 1 1 тапсырма Вектордың модулі мен бағытын анықтаңдар Дескриптор: Оқушы
2 тапсырма Кеме оңтүстікке қарай 25 шақырым жолға шықты, содан кейін бағытын өзгертіп шығысқа қарай жүріп, тағы 40 шақырым жүріп өтті. Содан кейін ол солтүстікке тағы 15 шақырым жол жүріп, маякқа жетті. Масштабты таңдап, кеменің маякка дейінгі қозғалысын көрсететін векторды салыңыз. Дескриптор: Оқушы
3 тапсырма АВСD - трапеция, АD || ВС, , . векторлары арқылы өрнектеу Дескриптор: Оқушы
ҚБ 2 1 тапсырма ABCD: A(-2; 5), B(3; -1), С(-9; 1) параллелограмының төбелері берілген. D төбесінің координатасын тап Дескриптор: Оқушы
2 тапсырма және векторлар 60° бұрышын құрайды. = 2, = 3 екенін ескере отырып, ( + )·( -2), өрнегінің мәнін табу керек. Дескриптор: Оқушы
3 тапсырма = (2; 2) және = (4; 0) векторлары арқылы параллелограмм салынған. Параллелограмм диагональдарның ұзындығын тап. Дескриптор: Оқушы
| Карточки Қосымша 3 Н.Гахраманова, М. Керимов, И.Гусейнов Математика 9 оқулық «Radius», баспасы Вектор бөлімі, 161 б А.Гайштут, Г.Литвененко Планиметрия 8-9 сынып бойынша есептер жинағы Москва 1998, «АСТ-ПРЕСС» Есептерді шығаруда векторларды қолдану 66 б https://bilimland.kz/ru/subject/geometriya/9-klass/primenenie-vektorov-k-resheniyu-zadach | ||||||||
Рефлексия 2 мин | «Бес саусақ» әдісі арқылы 1. Маған ұнағаны 2. Маған қиындық тудырған 3. Мен үшін маңызды ақпарат 4. Білгім келеді 5. Ұсынысым | Слайд 10 Қағаз А5 | ||||||||
Үйге тапсырма беру 1 мин | Bilimland сайтына кіріп мына сілтеме арқылы тапсырмаларды қарастырады. https://bilimland.kz/ru/subject/geometriya/9-klass/primenenie-vektorov-k-resheniyu-zadach Есеп1. Векторларды пайдалана отырып, «трапецияның ортаңғы сызығы табандарына параллельі және олардың қосындысының жартысына тең» теоремасын дәлелдеу. Берілгені: АВСD - трапеция, ВС || АD, ВК = КА, СМ = МD. Дәлелдеу керек: КМ || ВС || AD, КМ = (AD + ВС). Дәлелдеуі + 2 = ( + ) + ( + ) + + , 0 0 Осыдан = ( + ). және векторлары бағыттас болғандықтан, онда және векторлары да бағыттас болады, ал ( + ) векторларының ұзындықтары ВС + АD векторларына тең болады.. Осыдан КМ || ВС || AD, КМ = (AD + ВС) шығады, дәлелдеуі керекте осы болатын. | Bilimland Карточка Қосымша 4 | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқушыларды жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарды іріктеу кезінде және тапсырмаларды іріктеуде саралау әр түрлі болады. Жасырынды саралау уақытты ұтымды пайдалану мақсатында қолданылған. | Сабақта өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, ауызша бағалауды қолданамын | Іс әрекеттің белсенді түрлерін қолданамын. Сабақ барысында техника қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын сақталады. | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру