Жазықтықтағы координаталар әдісі. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 6 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі | Мектеп: Семей қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Жазықтықтағы координаталар әдісі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.14 жазықтықта координаталарымен берілген екі нүктенің арақашықтықтығын есептеу; 8.1.3.15 кесінді ортасының координаталарын табу; 8.1.3.16 кесіндіні берілген қатынаста бөлетін нүктенің координаталарын табу; 8.1.3.17 центрі (a, b), радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін білу; 8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңбер салу; 8.1.3.19 түзудің жалпы теңдеуін және берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазу: ; | |||||
Сабақтың түрі | Өткен тақырыпты бекіту | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар біледі:
қолдана алады:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
түзудің координата жазықтығында орналасуы бұрыштық коэффициентке тәуелділігі туралы талқылайды. Пәндік лексика мен терминология
түзудің бұрыштық коэффициенті. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыс арқылы өзгені құрметтеуге баулу. Топтық жұмыс ұйымшылдыққа, топта жұмыс жасай алушылыққа тәрбиелейді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Алгебра пәні. Арифметика. Сызу сабағы. | |||||
Бастапқы білім |
| |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Сабақты белсендендіру. Жазықтықтағы координаталар әдісі тақырыбында өткен материалдар бойынша қысқаша сауал-жауптар алынып, оқушыларды жекелеме жұмыс жасауға жұмылдыру. Сабақтың мақсаты өткен тақырыптар бойынша алынған білімді пысықтау және көзделген оқу мақсаттарын қаншалықты меңгергендігін тексеру. | № 1-4 слайдтар | ||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Жұптық жұмыс. Тақырып бойынша есептер Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 1» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген №1-6 есептерді оқушылар өз жұптарымен орындайды, талқылайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады. «Жұптық жұмыстың» жауаптары cлайдтарда беріледі. Оларды тапсырмаларды орындап болғасын салыстырамыз. | Қосымша 1 Есептер №1-6 | ||||
Сабақтың ортасы 5 минут | Жекелеме жұмыс «2-ші қосымшадағы» тапсырманы жеке орындауға беріңіз. Бұл тапсырмада бірнеше сұрақ қамтылған, сондықтан да қорытынды қалыптастырушы бағалау жұмысы деп айтуыңызға болады және әр баллдың қалай берілетінін келесі сабақта оқушыларға түсіндірген абзал. | Қосымша 2 | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Сонымен, «Жазықтықтағы координаталар әдісі» тарауындағы барлық өткен тақырыптарға формативті бағалау жұмысын алдық. Егер қойылған мақсаттарға оқушылар толық жете алмаса, онда оқушыларға қосымша есептер беріп, сабақтан кейінгі уақыттарға шақырып түзету жұмыстарын жасаңыз немесе баланың дамуына орай кері байланыс беріңіз. | № 23-24 слайд | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Оқушылар жұптарын және жеке жұмыста өздерін өздері бағалайды. Әрине, мұғалім есептердің жауабын слайдтан ашып қояды. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру