Жазықтықтағы координаталар әдісі. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В бөлім: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі | Мектеп: Семей қаласы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Жазықтықтағы координаталар әдісі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.3.13 жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді; 8.3.3.14 кесінді ортасының координаталарын анықтайды | |||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар біледі:
қолдана алады:
кесіндінің ортасын есептер шығаруда. | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||
Құндылықтарды дарыту
| «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына: топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту. | |||||
Пәнаралық байланыстар | ||||||
Бастапқы білім | Тікбұрышты координаталар жүйесін білу. Координаталары бойынша нүктені сала алу және берілген нүктенің координаталарын жаза алу. Пифагор теоремасын қолдана алу. Шеңбер мен оның элементтерінің анықтамаларын білу. Сызықтық теңдеулер мен оның графигі туралы білу. Сызықтық теңдеу графигін сала алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Сабақты белсендендіру. Сабақты белсендендіру. Тірек ұғымдар жайлы сұрақ-жауап:
Осы сұрақтардан соң негізгі тақырыпқа көшіп, оқушыларды оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары және бағалау критерилерімен таныстыру. | № 1-4 слайдтар | ||||
Сабақтың ортасы 5 минут | Ұжымдық жұмыс. Орта нүктені табу Диаграммада А-ның координаттары(-4; 1) В-ның координаттары(-1; -3) М – берілген А және В нүктелерінің ортасы. М-нің абсцисасы х= -2,5 Бұл дегеніміз М нүктесі А мен В-ның х-тарының жартыcында жатыр деген сөз. Сондықтан М-ның х-координаты А мен В-ның орта мәніне тең: М-нің ординатасы у = -1 Бұл дегеніміз М нүктесі А мен В-ның у-тарының жартыcында жатыр деген сөз. Сондықтан М-ның у-координаты А мен В-ның орта мәніне тең: Сонымен, АВ кесіндісінің ортасы болып табылатын М нүктесінің координаталары мынаған тең: №1 есеп A және B нүктелері берілген. М – АВ-ның орта нүктесі. М нүктесінің координаталарын табыңыз. ЖАУАБЫ: М(0; -1,5) ШЕТКІ НҮКТЕНІ ТАБУ Кейде А нүктесі мен М ортанүктесі беріліп, В-ның координаттарын анықтау керек болады. Мысалы (суретті қараңыз): А-ның координаттары(-2; 5) М-ның координаттары(1,5; 2,5) М – берілген А және В нүктелерінің ортасы. Табу керек: В(х; у) Егер сіз жылдам сызатын болсаңыз, онда симметря заңы арқылы В-ның координатын тез табуыңызға болады, бірақ арифметиканың көмегімен одан да тез шығаруға болады. А(-2; 5) нүктесінен М(1,5; 2,5) нүктесіне жету үшін көлденеңінен 3,5 және төмен қарай 2,5 бірлік жол жүреміз. Дәл сондай жолды М-нан В-ға қарай жүріңіз, яғни көлденеңінен 3,5 және төмен қарай 2,5 бірлік жүрісті қайталаңыз. Сонда, (1,5+3,5; 2,5-2,5)=(5; 0) Сонымен: В(5; 0) . | № 5-6 слайд № 7 слайд | ||||
Сабақтың ортасы 10 минут | Жұптық жұмыс Олай болса, қазір, осы білімді тереңдету және ұғына түсу үшін жұппен жұмыс жасаймыз. Әр жұпқа «Қосымша 1» таратпасын үлестіру. Таратпада берілген тапсырмаларды оқушылар өз жұптарымен орындайды. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, әр оқушының өз жұбымен серіктесе жұмыс жасауына қолдау жасайды. Біріге отырып жасаған жұмыстың өнімді әрі жылдамырақ болатынын, яғни жұптық жұмыстың құндылықтарын сөзге арқау етуіне болады. «Жұптық жұмыстың» жауаптары:
| Қосымша 1 Жауабы № 9 слайд | ||||
Сабақтың ортасы 5 минут | Сыныппен жұмыс ЕКІ НҮКТЕНІҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫ Барлық сынып оқушыларымен № 10, 11 слайдтардағы жаңа тақырыпты меңгеру және есептерді бірге орындау. Бірден сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды жекелеме жұмысқа бағыттау. Қорытынды:
формуласымен анықталады.
формуласымен анықталады.. | № 10, 11 слайд | ||||
Сабақтың ортасы 10 минут | Жекелеме жұмыс Әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың дұрыс жазуына назар аудару керек. Жекелеме жұмысты мына критерийлер бойынша бағалаймыз. Бағалау критерийлері:
«Жекелеме жұмыстың» жауабы: | Қосымша 2 Жауабы №12 слайдта | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Сонымен, бүгінгі сабақта «нүктелердің арақашықтығы мен кесінді ортасының координаталарының» табуды білдік және оны есептер шығаруда қолдануға машықтандық. Келесі сабақта осы тақырыпты бекітуге есептер шығаратын боламыз. Сондықтан осы өтілген материалды мұқият оқып келіңіздер. Үй тапсырмасы (Қосымша 3: соңғы есеп) | № 13 слайд Қосымша 3 № 14 слайд | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Оқушылар жұптарын және жеке жұмыста өздерін өздері бағалайды. Әрине, мұғалім есептердің жауабын слайдтан ашып қояды. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру