Сүйір бұрыштың sin∝, cos∝, tg∝, ctg∝ бір элементі бойынша табу. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық:
«Сүйір бұрыштың sin, cos, tg, ctg бір элементі бойынша табу»
Оқу мақсаты:
8.1.3.24 Сүйір бұрыштың sin, cos, tg, ctg бір элементі бойынша табу
Бағалау критерийлері:
Оқушылар
біледі:
- α бұрышының синусы sinα = a/c
- α бұрышының косинусы cosα = b/c
- α бұрышының тангенсі tgα = a/b
- α бұрышының котангенсі ctgα = b/a
қолдана алады:
жоғарыдағыларды пайдаланып, есептерді шеше алады.
Сабақ барысы
Сабақтың басы
1. Сыныпты ұйымдастыру. (№1-3 слайдтар)
Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру.
2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.
Сабақтың ортасы
1. Білу және түсіну
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың синусы деп аталады.
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың косинусы деп аталады.
Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсі қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасына тең.Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсі іргелес жатқан катеттің қарсы жатқан катетке қатынасына тең.
Қолдану.
Жұптық жұмыс (Қосымша 1)
№282,283,284,285 есептерді жұпта шығару
- Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі 12,4 м, ал табаны 40,6 м. Үшбұрыштың бұрыштарын және бүйір қабырғасын тап.
- Тік төрбұрыштың қабырғалары 12,4 см және 26 см. Диогоналдарының арасындағы бұрышты анықтаңдар.
- Ромбының диогоналдары 4,73 см және 2,94 см. Оның бұрыштарын табыңдар.
- Ромбының қабырғасы 241 м, биіктігі 120 м. Бұрыштарын табыңдар.
Жекелеме жұмыс (Қосымша2)
№4 Тікбұрышты үшбұрыштың бір катеті 8см-ге тең, ал оған қарсы жатқан бұрыштың синусы 0,8-ге тең. Гипотенузасын және екінші катетін табыңдар.
1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.
2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.
3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
Рефлексия:
- Не білдіңіз?
- Не түсініксіз болды?
- Қай тапсырма көбірек ұнады?
- Бүгінгі сабақта кім белсенді қатысты?
- Кімге қандай ұсыныс айтар едіңіз?
4. Үйге тапсырма: № 287, 288
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру