Бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің белгілі мәні бойынша бұрыш салу. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 2, 4 сабақ.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Сабақ тақырыбы: «Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер».

Оқу мақсаттары:

8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

біледі:

- бұрышты синусы бойынша салуды;

- бұрышты косинусы бойынша салуды;

- бұрышты тангенс бойынша салуды;

- бұрышты котангенс бойынша салуды

қолдана алады:

  • синус, косинус, тангенс, котангенс анықтамаларын есеп шығаруда;
  • синус, косинус, тангенс, котангенс анықтамаларын бұрыштарды салуды.

Сабақ барысы

Сыныпты ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырып бойынша тест алу арқылы оқу мақсатына оқышыларды жетелеу.

Қосымша 1

Ықшамдаңыз:

A) 0 B) C) D) E) 1

  • .

A) B) C) D) 2 E) 0

A) B) C) D) E)

  • .

A) B) C) D) E)

A) 0 B) C) D) E)

  • .

A) B) C) D) E)

Оқушылар жанындағы отырған жұптарының жұмыстарын тексеріп (дәптерлерін ауыстырып), бірін бірі бағалайды. Қиындық тудырған тапсырмалар болса топпен талқылап, тақтада көрсету. Осылайша оқушылармен жаңа тақырыптың мақсаты мен бағалау критерийлеріне назар аударту.

Жаңа білімді игеру. Ұжымдық жұмыс:

Сұрақты құру: бұрышты оның синусы, косинусы немесе тангенсі арқылы тұрғызу. Оқушылар сұрақты өздері талқылайды. Мұғалім оқушылардың назарына «Салу есептерінің» көмегі тиетінін салады. Яғңни, қажетті құралдар сызғыш, қарындаш, циркульдың көмегіне жүгінетінін айтады (циркульмен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын ескерту). Бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің белгілі мәні бойынша бұрыш салу жұмысын оқушылармен бірге интерактивті тақтада немесе слайд шоу арқылы түсіндіру.

I) Ең алдымен бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі анықтамаларын және олардың өзге қабырғалары мен арасындағы байланысты еске түсіру қажет. (слайд №4)

II) Тригонометриялық функциялардың бұрыштарын интерактивті түрде тұрғызу. Презентация арқылы әр қабамды ашып көрсету.

Мысал 1: Сүйір бұрышының синусы 0,6-ға тең тік бұрышты үшбұрышты салу керек.

түрде жазуға болады. Сонан соң синустың анықтамасын еске түсіру. =, Демек BC=4 бірлік, AB=5 бірлік.

Салу:

  • 1-ші сәулені салып, оны тең 4 бөлікке бөлеміз;
  • 2-ші сәулені салып, оны да тең 5 бөлікке бөлеміз (алдыңғы бөліктермен тең болуы шарт);
  • Тік С бұрышын саламыз;
  • С нүктесін центр етіп алып, радиусы 4 бірлікке тең шеібермен қиып, В нүктесін алу;
  • В нүктесін центр етіп алып, радиусы 5 бірлікке тең шеңбер салып, тік бұрыштың екінші қабырғасымен қиылысқан жерін А деп белгілейік;
  • А және В нүктелерін қосайық.

Сонда синусы 0,8-ге тең А бұрышын алдық. Алынған үшбұрыштың ВС катеті 4-ке, АВ гипотенузасы 5-ке тең.

Топтық жұмыс. (Қосымша 2). Шығарылуын слайдтан қарау. Слайд № 6, 7

1 топ

2 топ

берілсе, онда тікбұрышты үшбұрышты салыңыз.

Бұрышты тангенсі бойынша

салу: tg A = 1,2.

Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

Рефлексия.

Үйге тапсырма:

Сүйір бұрышының косинусы, синусы, тангенсі –ке тең болатын бұрышты салу?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу