Бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің белгілі мәні бойынша бұрыш салу. Геометрия, 8 сынып, презентация, 4 сабақ.
Бұрышты синусының, косинусының, тангенсінің немесе котангенсінің белгілі мәні бойынша салу
ОСЫ САБАҚТА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛЕТІН ОҚУ МАҚСАТЫ:
8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу;
Синус, косинус, тангенс, котангенс анықтамаларын қолданады;
бұрышты синусы бойынша сала алады;
бұрышты косинусы бойынша салады;
бұрышты тангенс бойынша салады;
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Анықтама бойынша, АВС үшбұрышынан:
Бұдан cosβ табуға болады.
Ал AHI үшбұрышында:
Қабырғалардың ұзындықтары әртүрлі, бірақ арасындағы бұрыштың косинустары тең. Осылайша, синустың, косинустың, тангенс және котангенстің мәндері тек бұрышқа тәуелді өзгереді.
ТІКБҰРЫШТЫ ҮШБҰРЫШТАҒЫ ҚАТЫНАСТАР
sin A= 0,8
БҰРЫШТЫ СИНУСЫ БОЙЫНША САЛУ
1-ші сәулені салып, оны тең 4 бөлікке бөлеміз;
2-ші сәулені салып, оны да тең 5 бөлікке бөлеміз (алдыңғы бөліктермен тең болуы шарт);
Тік С бұрышын саламыз;
С нүктесін центр етіп алып, радиусы 4 бірлікке тең шеібермен қиып, В нүктесін алу;
В нүктесін центр етіп алып, радиусы 5 бірлікке тең шеңбер салып, тік бұрыштың екінші қабырғасымен қиылысқан жерін А деп белгілейік;
А және В нүктелерін қосайық.
Сонда синусы 0,8-ге тең А бұрышын алдық.
cos A= 0,6=6/10=3/5
БҰРЫШТЫ КОСИНУСЫ БОЙЫНША САЛУ
1-ші сәулені салып, оны тең 3 бөлікке бөлеміз;
2-ші сәулені салып, оны тең 5 бөлікке бөлеміз (алдыңғы бөліктермен тең болуы шарт);
Тік С бұрышын саламыз;
С нүктесін центр етіп алып, радиусы 3 бірлікке тең шеібермен қиып, A нүктесін алу;
A нүктесін центр етіп алып, радиусы 5 бірлікке тең шеңбер салып, тік бұрыштың екінші қабырғасымен қиылысқан жерін B деп белгілейік;
А және В нүктелерін қосайық.
Сонда косинусы 0,6-ға тең А бұрышын алдық.
БҰРЫШТЫ ТАНГЕНСІ БОЙЫНША САЛУ
tg A = 1,2
1-ші сәулені салып, оны тең 6 бөлікке бөлеміз;
2-ші сәулені салып, оны тең 5 бөлікке бөлеміз (алдыңғы бөліктермен тең болуы шарт);
Тік С бұрышын саламыз;
С нүктесін центр етіп алып, радиусы 6 бірлікке тең шеібермен қиып, В нүктесін алу;
С нүктесін центр етіп алып, радиусы 5 бірлікке тең шеңбер салып, тік бұрыштың екінші қабырғасымен қиылысқан жерін А деп белгілейік;
А және В нүктелерін қосайық.
Сонда тангенсі 1,2-ге тең А бұрышын алдық.
РЕФЛЕКСИЯ
Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …
Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …
Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру