Үшбұрыштың тамаша нүктелері. Геометрия, 8 сынып, презентация, 1 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

Оқу мақсаты:

8.1.3.1 Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін білу.

Анықтама: Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарама-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.

Қасиеті:

Үшбұрыш медианалары қиылысу нүктесінде төбесінен бастап санағанда 2:1 қатынасында бөлінеді.

Анықтама: Үшбұрыш биссектрисасы— бір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді.

Анықтама: Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарама-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр

Орта перпендикуляр  (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортсы арқылы өтетін түзу;

1 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер.

АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады.

D- тірек нүктесі

2 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер.

АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады.

О- іштей сызылған шеңбердің центрі

3 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар.

АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады.

F үшбұрыштың ортоцентрі

Н- ортоцентр

4 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, орта перпендикулярлар жүргізіңіздер. Орта перпендикуляр  (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортсы арқылы өтетін түзу;

Орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңіз.

О- сырттай сызылған шеңбердің центрі

Рефлексия

Мен бүгін мынаны білдім

Мен мынаны сездім

Маған мыналар қызық болды

Мен мыналарды тағыда тыңдағым келеді

Тапсырманы орындауда маған мыналар көмектесті

Мені мыналар таң қалдырды

Менің мыналарға қызығушылығым оянды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу