Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал 3, 2 сабақ.
№2 сабаққа әдістемелік нұсқаулық
тақырыбы/бөлімшесі «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
«Трапеция» бөлімі
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың орта сызығы. Трапецияның орта сызығы.
Оқу мақсаты:
8.1.1.12 үшбұрыш орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану;
8.1.1.13 трапеция орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану
Бұл сабақта оқушылар үшбұрыш пен трапецияның орта сызығы ұғымдарымен, қасиеттерімен танысады. Қасиеттерін қолданып есептер шығарады.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық
Жаңа материал өздігінен оқыту әдісі бойынша жүзеге асады. Оқушылар тапсырманы жұпта орындап, өздері қорытынды шығарады. Екінші тапсырмада бос орындарды толтыру арқылы теореманы дәлелдеп шығады. Бұл оқу мақсатындағы қасиеттерін дәлелдеу деген пунктінің жүзеге асуына ықпал етеді.
Бекітуге арналған тапсырмаларды орындау топпен жұмыс ретінде жүргізіледі. Бұл оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетулеріне көмектеседі. Топтық жұмыстың тапсырмалары сыныптың деңгейіне байланысты азайтылып берілуі мүмкін, қалған тапсырмаларды үй тапсырмасын қосымша ретінде ұсынуға болады.
Оқу мақсатына жету үшін оқушылара өздіктерінен орындауға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі. Кейін жұмыстарын мұғалімге тапсырады. Мұғалім бағалау критерийлері мен дескрипторларға сүйене отырып бағалау жүргізеді.
Қосымша тапсырмалар
- Трапецияның периметрі 48 см параллель емес қабырғалары 15 см мен 13 см. Трапецияның орта сызығыг табыңыз.
- Трапецияның табандары 5 см мен 9 см. Трапецияның диагоналі орта сызығын мынадай кесінділерге бөледі.
- Трапецияның орта сызығы 7 см тең, ал табандарының бірі екіншісінен 4 см-ге артық. Трапецияның табандарын табыңдар.
- Трапецияның бүйір қабырғасы тең үш бөлікке бөлінген. Бөліну нүктелерінен табанына параллель түзулер жүргізілген. Егер трапецияның табандары 2 м және 5 м болса, онда осы кесінділердің ұзындығын табыңыз.
- Тең бүйірлі трапецияның доғал бұрышының төбесінен жүргізілген биіктік табанын 5 см және 2 см кесінділерге бөледі. Трапецияның орта сызығын табыңыз.
Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
Ә.Н.Шыныбеков. Геометрия. Жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру