Графикалық құжаттама, техникалық сипаттамалар. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: Дизайн және технология

Мектеп: ФМБ НЗМ Орал қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Отаров М.Т.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Графикалық құжаттама, техникалық сипаттамалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.2 Графикалық құралдарды (соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды) қолдана отырып графикалық және технологиялық құжаттарды дербес түрде құрастырады;

Сабақ мақсаттары

Эскиз, техникалық сурет және сызба орындау

Техникалық құжаттаманы толтыру арқылы сызбаны безендіру

Бағалау критерийлері

Білу

  • Сызба не екенің біледі
  • Эскиз орындай алады

Түсіну

3. Сызбаны орындау ережесін біледі

Қолдану

4. Сызбаны өздігінен орындайды және безендіреді

Сараптау

  • Алынған білім өзінің жобалық жұмысына қажет болады

Синтез

  • Өнер мен техниканың байланысын біледі

Бағалау

7. Өз жұмысын және өзгелердің жұмысын бағалайды.

Тілдік мақсаттар

 

Тілдік емес тақырыптарға арналған.

Сызба

Drawing

Чертеж

Нобай

Sketch

Эскиз

Өлшемдер

Dimensions

Размеры

Графикалық құжаттама .......

Техникалық сипаттамалар….

Құндылықтарды дарыту

Мақсатшыл, өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Физика, геометрия

АКТ қолдану дағдылары

Зерттеу жұмысына ноутбуктарды пайдалану

Бастапқы білім

Оқушылар эскиздер мен сызбаларды орындау және сызу құралдарын пайдалану ережелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

35 мин.

45 мин.

5 мин.

Сабақтың соңы

5 мин.

Біз бүгінгі сабақта өткен тақырыптағы қарастырған интерьер жиһаздрарының, графикалық құжаттары мен техникалық сипаттамаларын қарастырамыз.

Сабақты бастамас бұрын сызбалар сызығын қайталайық. (Слайд)

Дененің эскизін (үш көрініс) және техникалық суреттін орындау (Аксонометриялық проекция). (Слайд)

Бұйым экскизі мен техникалық суретті орындағаннан кейін, өлшемдерін түсіру, қажет болса, масштабты көрсету. Бұйым бірнеше бөліктен тұратындықтан, бұйым бөліктерін сәйкес сызбасын орындау. (Слайд

Негізгі жазбаға немесе жеке параққа құрастыру сызбасының сипатамаларын орналастыру қажет. Ол кесте түрінде жасалады. Ол бұйымның барлық деректемелерін тізімдейді, атауын, санын және материал мәліметтерін көрсетеді. («Спецификация» (сипаттама) сөзі екі латын сөзінен шыққан - «түрлі» және «жасаймын».

Құрастыру сызбаларын оқығанда, алдымен негізгі жазба мазмұнын, бұйымның атауын және суреттің ауқымын ескеру қажет. Содан кейін бұйымның мақсаты мен принципін анықтау.

Техникалық сипаттамаға сәйкес бөлшектер мен материалдардың атауларын анықтау, оларды құрастыру сызбасының барлық түрлерінде қолдану. Соңында, бөлшектерді біріктіру жолдары мен оларды құрастырудың бірізділігі анықтап сызба орындау. (Слайд)

Оқушылар графикалық құжаттама және техникалық сипаттамаларымен сыныптың алдында таныстырады.

Рефлексия

Алдағы уақытта барлық ұсыныстарды ескере отырып сызбалардағы қателер түзетіледі.

https://infourok.ru/prezentaciya-to-tehnologii-na-temu-graficheskaya-dokumentaciya-klass-458137.html

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқушының оқу материалдары мен ресурстарды таңдау кезінде тапсырмаларды таңдауда, оқушылардың нәтижелерін анықтауда дифференциация жүргізілуі мүмкін

Жұмыстар жеке жүргізіледі, бұл бағалау процесін жеңілдетеді. Оқушылар критерий бойынша бір-бірін өздігінен бағалайды.

Бағалауда әрбір оқушының деңгейін ескеріледі.

1. Сабаққа бес минут қалғанда келіңіз.

2. «Технология» бөлмесіне тек мұғалімнің рұқсатымен кіріңіз.

3. Арнайы киім кию.

4. Бекітілген орындарға отырыңыз және мұғалімнің рұқсатынсыз тұрмаңыз.

5. Жұмысты тек мұғалімнің рұқсатымен ғана бастаңыз. Мұғалім сізге хабарлағанда, жұмысты тоқтата тұрыңыз. Жұмыс істеген кезде алаңдамаңыз.

6. Таныс емес құралдарды түсіндірмейінше пайдаланбаңыз.

7. Құралды тек қана мақсатқа сай пайдаланыңыз.

8. Ақаулы және өткір емес құралдармен жұмыс істемеңіз.

9. Жұмыс кезінде құралды мұғалім көрсеткендей ұстаңыз.

10. Белгіленген жерде құралдар мен жабдықтарды сақтау.

11. Жұмыс орның таза және ұқыпты ұстаңыз.

12. Мұғалім көрсеткен тәртіпте құралдар мен жабдықтарды орналастырыңыз.

13. Жұмыс кезінде сөйлеспеңіз.

14. Жұмысты мұқият орындаңыз, бөтен заттармен айналыспаңыз.

15. Үзіліс кезінде сіз сыныптан шығуыңыз керек.

16. Сабақтың соңында жұмыс орныңызды тазалаңыз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу