алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Графикалық құжаттама. Техникалық спецификация. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 А Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны:

Қатыспағандр саны:

Сабақтың тақырыбы

Графикалық құжаттама. Техникалық спецификация

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.2

Әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру

 Сабақ мақсаттары

Технологиялық құжатарды (сызба, бұйымның техникалық спецификациясы және т.б.) дайындау.

Бағалау критерийлері

Техникалық спецификация туралы біледі.

Технологиялық және графикалық құжаттарды орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Белгілі бір (мысалы, балалар жиһазы) тауардың нарықтағы алатын орны туралы түсіндіреді;

Тұтынушылардың қажеттілігін анықтап, нарықтағы тауарларға (мысалы, балалар жиһазы) талдау жұмыстарын орындай алады.

Пәндік тіл және терминология:

Ағаш, ДСП, ЛДСП, МДФ, пластик,модуль, трансформер және т.б

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер:

Мен нарықтағы балалар жиһазын зерттеген себебім...

Мен бұл жиһазды таңдадым, себебі...

Технологиялық құжат .... үшін қажет

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Басқа адамдарды, олардың мәдениетін, пікірлерін құрметтеу. Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық.

 Пәнаралық байланыстар

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады.

 АКТ қолдану дағдылары

Сәндік қолданбалы өнер соның ішінде трансформаланатын балалар жиһазының конструкциялық ерекшеліктері мен түрлерін зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім

Модулді және трансформаланатын балалар жиһазы үдерісін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Интерактив тақтасында сабақтың тақырыбы, мақсаты және жиһаз дайындауға арналған технологиялық құжатты көрсету.

Жиһаз дайындауға арналған технологиялық құжат

http://www.drevesinas.ru/proizvmebeli/technology/4.html

Сабақтың ортасы

Сыныппен сұрақтарды қарастыру:

Бұйымды жасау қандай үдерістен басталады?

Графикалық және техкологиялық құжаттарға түсінік бере аласыздарма?

Графикалық және технологиялық құжаттар құрылымы мазмұны неден тұрады?

Техникалық спецификацияға не жатады?

Бұйымды дайындау технологиясының нобайлары картада қалай көрсетіледі?

Үлгі есебінде «орындық дайындауға құрылған технологиялық карта» презентациясын көрсету.

Тапсырмаға ескерту:

Бір топ модулді балалар жиһазына, ал екінші топ- трансформаланатын балалар жиһазына технологиялық карта дайындайды.

Оқушылармен келесі іс- әрекет түрін қарастыру:

Өткен сабақта орындаған нобай жұмыстарын мұқият қарастырыру;

Қажет жағдайда нобайларына жетілдіру жұмыстарын орындау.

Тәжірбиелік жұмыс.

Жоба жұмыстарын топта талқылау. Болашақта орындалатын бұйымдарыңыздың сыртқы келбетін, өлшемін, формасын талқылау.

Жиһаздарына қолданатын материалдарды оқып, үйрену және таңдау.

Ойластырыңыз:

Сыртқы көрінісі және функциясын ескеріп, жинақтау бөлшектері туралы;

Құрам бөліктері және формалары, өлшемдеріне байланысты қажетті материалдар туралы;

Монтаждау және құрастыру туралы;

Бұймды құруға арналған құралдар туралы.

Оқушылар алдынғы сабақтағы анкета талаптарына сай технологиялық карталарын дайындайды.

Технологиялық карта дайындауда бұйымның өзіндік құнын экономикалық есептеулерге негіздеуді әзірлеу және дәлелдеулері керек.

Орындаған технологиялық карталарын басқа топқа таныстырады.

«Орындық дайындауға құрылған технологиялық карта» сабағы:

http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--p1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/531811/

Сабақтың соңы

Топта орындаған жұмыстарының нәтижелерін стикерлар арқылы бағалау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілнетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

.

Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.

Сынып бағалауы.

Қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы