Үстел үсті ойындарын дайындау. Графикалық құжаттар. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Үстел үсті ойындарын дайындау. Графикалық құжаттар» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің төртінші тақырыбы. Сабақта оқушыларалдыңғы білімдеріне сүйене отырып, үстел үсті ойындарын техникалық және графикалық құжаттарын дайындайтын болады. Сабақты өткізбес бұрын үстел үсті ойындары туралы дидактикалық материалдар мен қосымша мәліметтер және техникалық, графикалық құжаттар туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу, қолдану дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: оқушылар орындарынан тұрып, парталасымен жұптасып, бір- біріне өткен сабақта алған білімдеріне кері байланыс беру арқылы өқысқаша шолу жасатуға болады. Қажет болған жағдайда жұптағы оқушылар ауысуға болады. Осыдан кейін оқушыларға сабақтың ережесін естеріне түсіріңіз.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен термин сөздіктермен таныстырыңыз. Тfныстырып болғаннан кейін тәжірбиелік жасауларына көмек ретінде арнайы бейнебаян ұсынуға болады. Мысалы:

Үстел үсті ойының дайындауға арналған 10 кеңес

https://www.youtube.com/watch?v=1RixK5P_8gY

Бейнебаяннан кейін оқушыларға сұрақ қойыңыз.

Бейне баяннан кейін үстел үсті ойындарын дайындау туралы не білгендері туралы әңгімелесіңіз. Бұл диалог арқылы оқушылардың өз идеяларын толық жеткізуге көмектеседі. Қажет болған жағдайда түзетулер еңгізіңіз.

Қажет болған жағдайда үстел ойындарын қолда бар материалдар көмегімен қалай дайындауға болатының көрсетуге болады.

Оқушылар өткен сабақта бөлінген топ (көңіл- күй көтеретін үстел үсті ойыны, үйрету ойындары, басқатырғыш, коммуникативтік ойындар (қарым- қатынасқа арналған ойындар), зияткерлік) атаулары арқылы жұмыстарын жалғастыру ұсынылады.

Оқушылар өткен бөлімдерде техникалық құжаттар туралы ақпараттар алған болатын, енді графикалық құжат туралы анықтаманы түсіндіріңіз.

Топтық жұмыс.

Оқушылар өздері топта ақылдаса отырып, қалаған болашақ үстел үсті ойынының нобайын және жоспарларын (қажетті ойын бөлшектерінің санын және өлшемдері) құрастыруды ұсыныңыз. Жоспарға: техникалық және графикалық құжаттар жататынын айтыңыз. Технологиялық картада материалдар мен құралдар, орындалу кезеңдерін, сәндік өңдеу жұмыстары туралы мәліметтер жазылатынын түсіндіріңіз. Графикалық құжатқа үстел үстінің нобайының орындап, қажетті өлшемдерін көрсетілетініне тоқталыңыз. Техникалық және графикалық құжаттарды кесте түрінде үлгісін көрсетіңіз. Жоспар құрудағы маңызды аспектілерді де көрсеткеніңіз абзал.

Оқушыларға үстел үсті ойындарын дайындауда функционалды (техникалық), эстетикалық, эргономикалық және экологиялық талаптарды ескертіп, өте күрделі емес, мектеп жасындағы балаларға сай болуы керектігін естеріне салыңыз.

Оқушылар өз нәтижелерін таныстырады. Әр топтың таныстырылымына 2-3 мин уақыт беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Талқылаудағы әріптестер» әдісі қолданылады.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу