Үстел үсті ойындарын дайындау. Материалға өлшем қою және дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3А Бөлім – Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Үстел үсті ойындарын дайындау. Материалға өлшем қою және дайындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.6.1

Жобаланатын нысанның тағайындалуы мен қасиеттерін ескеріп, материалдарды өңдеу мен безендіру тәсілдерін анықтау және таңдау

8.1.6.2

Бұйымды дайындау мен безендіру үшін заманауи және дәстүрлі емес материалдардың тиімді қолданылуын түсіне отырып өздігінен таңдау

8.2.1.1

Күрделі шығармашылық идеяларды білдіру үшін өнердің көркем құралдарын өз бетінше анықтау, таңдау және қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Үстел үсті ойындарына пайдаланатын материалдарының қасиеттерін ескеріп, дайындалу реттілігі мен тәсілдерін анықтау.
  • Үстел үсті ойындарын дайындауға және безендіруге арналған заманауи және дәстүрлі емес материалдарды, құрал- жабдықтарды тиімді қолдану жолдарын таңдау.
  • Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Үстел үсті ойындарының дайындалу реттілігі мен тәсілдерін анықтайды;
  • Қажетті материалдар мен құрал- жабдықтарды тиімді қолдану жолдарын таңдайды;
  • Тәжірбиелік жұмыс орындау барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Үстел үсті ойындарының дайындалу реттілігі мен тәсілдерін түсіндіреді;
  • Қажетті материалдар мен құрал- жабдықтардың түрлерін анықтайды, сипаттама береді;
  • Техника қауіпсіздігі туралы айтып береді.

Пәндік лексика және терминология:

Салт- дәстүр, әдет- ғұрып, ұлттық тұрмыстық заттар, технолгиялық құжаттар.

  • Мен бұл құрал- жабдықтарды... барысында қолдандым. Себебі ... тиімді болды.
  • Мен бұл материалдарды қолданған себебім ...
  • Техногиялық карта ........үшін керек.

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, технология, математика пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау.

Коллаборативті орта қалыптастыру.

Өткен сабаққа қысқаша шолу:

  • Графикалық құжаттарға қандай құжаттар жатады?
  • Нобай, сызба, техникалық құжат дегеніміз не?
  • Техникалық құжат не үшін қажет?
  • Сіздің үстел үсті ойыныңыздың дайындалу технологиясы қандай?
  • Сіздің үстел үсті ойыныңызды дайындауға қандай материалдар қолданасыз?

Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ

Бүгінгі сабақта біз үстел үсті ойындарын өлшемдерін қажетті материалдарға түсіретін боламыз.

Сабақтың ортасы

10 мин.

20 мин.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушылар топта технологиялық құжаттарға сәйкес материалдарға өлшем қою және дайындауды талқылайды. Оқушыларға көп мөлшерде фишкалар немесе басқа да бөлшектерді дайындау барысында үлгі қиып алып немесе трафареттер арқылы орындауға болатының айтып өтемін.

Үлгілерді өлшеу барысында материалдарды үнемдеу мақсатында оның жазықтық бетіне дұрыс керектішін ескертемін.

Тәжірбиелік жұмыс жасар алдыңда ұшты және өткір құралдарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіз техникасы туралы оқушылармен бірге нұсқама жүргіземін.

Тәжірбиелік жұмыс. Топтық жұмыс.

Оқушылар өткен сабақта топқа бөлінген сыныптастарымен бірге тәжірбиелік жұмыс орындайтын болады. Ойынның бөлшектерін және ойын алаңдарының эстетикалық түрін жақсарту мен өз шығармашылық идеяларын іске асыру үшін оқушылар түрлі материалдарды құрамдастыра алады.

Материалдарды өңдеу кезеңдері;

  • Өлшеп белгілеу жұмыстарын қандай құралдармен және қалай орындауға болатының топта талқылау;
  • Үстел үсті ойындарыңызға қажетті материалдардың қасиеттерін ескеріп, қолдану жолдарын сипаттау;
  • Үстел үсті ойыныңыздың элементтерін (бөлшектерін) өлшеп белгілеу жұмыстарын қандай әдіс арқылы жүргізуге болатындығын қарастыру;
  • Үстел үсті ойының дайындауда қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау.

Әр топ өздерінің материалдарын қалай тиімді жасау жолдарын талқылайды. Талқылауға 5 минут уақыт берледі.

Дискрипторлар:

  • Қауіпсіздік техникаларын сақтайды;
  • Қажетті құралдардың қолдану мақсаттарын біледі;
  • Өлшеп белгілеу құралдарымен жұмыс жасайды;
  • Өз жоба жұмыстарына қажетті материалдарды таңдайды;
  • Материалдарды өңдеуде тиімді технологияларды қолданады;

https://www.youtube.com/watch?v=TrQB19N7_CY

10 минут ішінде үстел үсті ойының дайындау.

Ресурстар: картон, қағаз, желім, скотч, қайшы, маркер, түрлі түсті бояулар, қалам және т.б.

Сабақтың соңы

5 мин.

Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы.

«Бағдаршамды» түсінгенін анықтау үшін қолданыңыз. Мысалы:

  • Қызыл түс– түсінген жоқпын;
  • Сары түс– тағы да практика қажет/ сұрақтар бар;
  • Жасыл түс– барлығы түсінікті.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу