Заманауи үстел үсті ойындары. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Заманауи үстел үсті ойындары» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің екінші тақырыбы. Сабақ заманауи үстел үсті ойындарының қаншалықты қажет екендігі туралы, және орындалу технологиясы мен қолданылған материалдар туралы зерттеу жұмыстарын орындайтын болады. Сабақты өткізбес бұрын заманауи үстел үсті ойындары туралы дидактикалық материалдар дайындау және қосымша мәліметтер туралы оқып алу ұсынылады.

Сабақ зерттеу дағдысына негізделген.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Кез- келген ойын түрінде оқушылардың назарын сабаққа көңілдерін аударуға болады. Мысалы: 1 дегенде оң қолды алдыға созып, сол қолды құлақтың тұсына қойып, 2 дегенде екі қолды шапалақтап, 3 дегенде сол қолды алдыға созып, оң қолды құлақтың тұсына қойып санау жүргіземіз. Осылайша 5 қайтара санау жүргізуге болады.

Өткенге сабаққа қысқаша шолу.

Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарды талдау арқылы жаңа сабақтың мақсатын байланыстыру ұсынылады.

 

 Сабақ барысы

Презентация:....

Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін, термин сөздермен таныстырып болғаннан кейін тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.

бейнебаяннан кейін оқушыларға сұрақ қойыңыз.

Оқушылармен заманауи үстел үсті ойындары туралы әңгімелесіңіз. Әңгіме барысында бұл ойын түрінің қаншалықты маңыздылығы бар және қажет екендігіне мысал келтірулерін ұсыныңыз. Тақтада оқушыларға соңғы үлгіде орындалған заманауи ең үздік үстел үсті ойындарының бірнеше мысалын көрсетіңіз. Ойындар туралы ақпараттар қысқаша қысқа мерзімді жоспардың ресурстар бөлімінде көрсетілген.

Тапсырманы орындамас бұрын сыныптағы оқушыларды топқа бөліп алыңыз. Топқа бөлі үшін мозайка әдісін қолдануға болады. Карточкаларға үстел ойындарының түрлері бейнеленеді.

Топтық жұмыс:

Сыныптағы оқушыларды бірнеше топқа бөлу ұсынылады. Бірінші топ – көңіл- күй көтеретін үстел үсті ойыны. Екінші топ- Үйрету ойындары. Үшінші топ- Басқатырғыш. Төртінші топ- коммуникативтік ойындар (қарым- қатынасқа арналған ойындар). Бесінші топ- зияткерлік. Осы топта отырып оқушылар заманауи үстел үсті ойындарына зертеу жұмыстарын орындайтын болады.

Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2-3 минут беру ұсынылады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу