Робот дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Роботты дайындау

Сабақ мақсаты:

6.2.3.2

ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

6.2.6.1

техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақ барысы

Сабақ практикалық қабілеттерді дамытуға негізделген. Оқушылар бірнеше сабаққа созылған роботты жасауды аяқтайды. Роботты жасаудың соңғы кезеңдеріне тоқталып, әсемдеуді жалғастырады. Практикалық тапсырманы орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды қадағалаңыз.

Сұрақтарға жауап бер.

Оқушылар практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын сұрақтарға жауап беріп, роботты жасаудың барысымен танысқан дұрыс. Өткен сабақта құрылысын талдаған жәндік кейіпіндегі роботтың жасалу құрылымын қарастырып өту қажет.

Бейнематериалды тамашалау

«Робот шагоход» бейнематериалында құрылымның қимыл-қозғалысқа келтіруге болатын тәсілдері көрсетіледі.

Оқушылар бұл конструкцияны сабақ барысында жасамауы да мүмкін. Дегенмен, өздерінің роботтарына қолдануы мүмкін. Бұл бейнематериал олардың өздерінің жобаларына идея жинақтаулары үшін қажет.

Пракикалық тапсырма

«Робот шагоход» жасау.

1 кезең

Топтардағы оқушыларға материалдар және құралдарды дайындау қажет.

  • Редуктор;
  • Ажыратқыш;
  • Қуаттандыру көзі(батарейка – крона, 3-6 В аккумулятор)
  • Тіреуі бар дөңгелек;
  • 2 жіңіщке түтікше;
  • Балмұздақтың таяқшасы;
  • Сым;
  • Тіс тазалағыш;
  • Кронға арналған канектор;
  • Қайшы;
  • Термоклей;
  • Дәнекерлегіш.

2 кезең.

Топтардағы оқушыларға технологиялық картаға сәйкес қауіпсіздік техникасын сақтай отыра, роботты жасау. Тапсырманы орындауға арналған критерийлер:

  • Бөліктер мен бөлшектерді біріктіру және кесуге арналған материалдар мен құралдарды дайындау;
  • Таңдалған материалдардан бөлшектерді өлшеу, белгілеу, кесу немесе аралау;
  • Бөлшектерді функционалдық қабілеттеріне қарай біріктіру.

3 кезең.

Жұмысты орындаудың сапалылығын тексеру. Тапсырманы критерийлерге сәйкес орындау.

Таныстырылым:

Оқушылар дайын роботтарын сыныптастарына таныстырады. Таныстырылым критерийлер бойынша өткізілуі керек. Оқушылар таныстырылымның кезеңдерін ұстанып, бірнеше сабақ бойынша жасалған жобаны сыныптастарына таныстыру қажет.

  • Эскиз, идея;
  • Жасау;
  • Таныстыру.
  • әрбір топ өз постерлерін таныстырады;
  • әрбір топқа 2 минут беріледі;
  • әрбір топ бір сұрақтан дайындайды.

Кері байланыс:

  • Мен өз пікрімді өзгерттім...
  • Мен білдім....
  • Мені таңқалдырғаны....
  • Мен сезіндім....

P.S. Жақын арадағы даму аймағы

Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы.

Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетінше игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. Выготскийдің пікірінше, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интербелсенді вербалды алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік-жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетінше ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады. Басында мұғалім міндеттерді өз бетінше және сәтті орындау үшін қажетті тілдік және танымдық құралдарды береді. Тәртіп пен тілді модельдеу, оқушыны өздері қатысатын үдерістер және рәсімдермен таныстыру арқылы мұғалім оқушының біліктілігі, сенімділігі және өз бетінше әрекет ету қабілетін дамытады.

Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз,

қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін

адамның көмегі мен басшылығынсыз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал

деген қарапайым атауға ие бола алады. Осы мағынада ЖАДА оқушылардың оқуын және

қарым-қатынасын қолдау үшін қажетті көмек деңгейін анықтауда оқу жағдайында құнды тұжырымдамалық құрылым болып табылады. ЖАДА бала тапсырмаларды білікті және өз бетінше орындай алатын «өзі реттейтін әрекеттер» аумағына қарама-қарсы қойылады. ЖАДА-да ересек адам өзара қарым-қатынас барысында баланың тапсырманы алдыңғы білімдер және тәжірибесімен байланыстыра арқылы оны орындауға мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып басшылық жасайды.

«Мұғалімге арналған нұсқаулық»

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу