Робот дайындау. Роботтың қозғалатын бөлшектерін дайындауға тәжірибе жүргізу. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


 3 БӨЛІМ: Дизайн және технология

 Сабақ тақырыбы: Робот дайындау. Роботтың қозғалатын бөлшектерін дайындауға тәжірибе жүргізу

 Сабақ мақсаты:

6.2.3.1

орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу

6.2.6.1

техника қауіпсіздігін қадағалап, материалдар мен құралдарды қолдану

 

 

Мотивацияны көтеру.

  • Мұғалім оқушыларды позитивті білім алуына ынталандырады.
  • «Бұл не үшін?» әдісі арқылы оқу үдерісінде жағдай туғызады.

Оқушылар бір бірін қолдарынан ұстап, шеңбер құрап тұрады. Шеңбер бойынша оқушылар роботты қатысты немесе оны жасауға қажетті құралдарды бір біріне береді. Бұл активитиді музыка ырғағына сай өткізуге болады. Шеңбер бойынша жүрген құрал туралы музыка тоқтаған уақытта оқушы оның функционалдық қызметі туралы айтып береді.

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін айту.

Өткен сабақты қайталау.

Оқушылар роботты жасау бойынша топтарына топтасады. Оларға сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақта оқыған материалды қайталау қажет:

  • Роботтардың ерекшелігін айырықша түрде суреттейтін материалдардың түрлерін ата.
  • Қандай материалдар конструкциялардың ерекшелігін суреттейді?
  • Түрлі материалдарды таңдау барысында неліктен роботтардың бөлшектерін біріктірудің тәсілдерін қарастыру қажет?
  • Роботтың қандай бөлшектері қимыл-қозғалысқа ие болуы мүмкін?

"Миға шабуыл".

Топтарға қимыл - қозғалысқа не әкелетіндігі жайында бейнематериал тамашалау ұсынылады.

Бейнематериалы тамашалаға соң, әрбір топ өз идеяларын ортаға салады.

 Ссылка:

https://www.youtu be.com/watch?v= Asl5-02Sk1A

Сұрақтарға жауап бер.

* Сіздерге таныс қимылға келтірудің тәсілдері жайында бөлісе аласыздар ма?

* Велосипедтті қимыл - қозғалысқа келтіретін не?

*Механикалық қимылдың қандай түрлерін білесіздер?

Механикалық беріліс - қимылдың өзгеруіне не өзгермеуіне байланысты қозғалыстың жалғасуы. Қозғалыс берілісінің түрлерін ғаламтордан берілген ссылка арқылы зерттеуге болады.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Механикалық беріліс деп нені айтады?
  • Оның негізгі түрлеріне тоқталып өтіңіз?

Практикалық тапсырма

Оқушылар роботтарының эскиздеріне сәйкес беріліс механизмдерінің қандай түрін қолдана алатындықтары жөнінде ойланулары қажет.

  • беріліс механизмдерін роботтың қандай бөлшегін қимылға келтіру үшін қолдануға болады?
  • қолданылатын материалдардың ерекшеліктері роботтардың қимыл-қозғалысына қалай әсер етуі мүмкін?

Тәжірибе жүргізу.

Оқушыларға алдын ала дайындалған материалдар ұсынылады. Берілген материалдарды роботтарының бөлшектерін жасау үшін қалай қолдануға болатындығын қарастыру қажет.

Тәжірибелік жұмыстың нәтижесін ұсыну.

 Оқушылар сыныптастарына жүргізілген тәжірибелік жұмыстарының нәтижелерімен бөліседі.

 

 

Таныстырылым:

  • әрбір топ өз постерлерін таныстырады;
  • әрбір топқа 2 минут беріледі;
  • әрбір топ бір сұрақтан дайындайды.

Бағалау:

Сұрақтарға жауап беру.

  • Роботтардың бөлшектерін қозғалысқа келтіру үшін қандай материалдарды қолданған дұрыс?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу