Жиналмалы бөлшектерден роботтарды дайындау. (Өз бетінше зерттеу). Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Жиналмалы бөлшектерден роботтарды дайындау (Өз бетінше зерттеу)

Оқу мақсаты:

6.1.3.1

шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақ-парат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

  • роботтарды жасау тәсілдерімен танысу;
  • роботтарды жасауға қолданылатын материалдарды қарастыру;

жиналмалы бөлшектерден жасалған роботтарды дайындау.

Сабақ барысы:

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырмас бұрын оқушыларға роботтарды қимыл-қозғалысқа келтіретін элементтер туралы білген абзал. Ол үшін жоғарыда көрсетілген фотосуреттердегідей роботтарды көрсетіп, роботтың негізгі қызметі – көмектесу екендігін түсіндіріп, оның функционалдық қызметі міндетті түрде орын алуы қажет екендігіне тоқталып өтіңіз.

Сұрақтарға жауап бер

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы заманауи роботтар мен бұрынғы замандағы роботттардың функционалдық міндетіндегі айырмашылықты анықтайды. Робот – жасанды интеллект. Оны қолданудың қазіргі заманға маңыздылығы қандай? Осы сұрақтарды ой жүгірткен оқушы өзінің роботының нобайын жасау барысында идея ойластыра алады.

(Т/Ө/Ж)

Топтарда шағын өз бетінше зерттеулер жүргізу. Алғашқы және заманауи роботтарды салыстыру және талдау.

Кішігірім зерттеу жұмысы. Оқушылар қысқамерзімді жоспарда көрсетілген критерийлер бойынша заманауи және одан бұрынғы роботтарды салыстырып қарастырады. Бұл тапсырманы сабақты жоспарлау барысында уақыт жетсе ғана орындау ұсынылады. Себебі бұл сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатына сай оқушылар роботтарды жасауға қолданылатын материалдар мен дизайн туралы зерттеу қажет.

Тәжірибелік тапсырма

Жиналмалы бөлшектерден робот әзірле. Бұл тапсырманы өткізбес бұрын сабаққа оқушыларға түрлі бөлшектер алып келуі қажет екендігін алдын ала айту қажет. Мысалы, су ішетін пластмас ыдыстардың қалпақтары, ойыншықтардың бөлшектері және т.б.

Тапсырма топта немесе жұпта орындалады. Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық жоба дайындаудың алдындағы эксперименті болып табылады.

Оқушылар роботты жасамас бұрын оның нобайын дайындаулары қажет. Топтық жұмысты

Ұйымдастыру барысында оқушыларға өзара топтағы қызметтерін бөліп алуға кеңес беріңіз. Бұл оқушылардың коммуникациялық әрі жауапкершілік дағдыларын дамыта түседі. Роботты жасауға кем дегенде 20 минут беру қажет.

Тапсырманы орындаудың кезеңдері:

1. Идея;

2. Эскиз;

3. Материалдарды таңдау;

4. Орындау.

Таныстырылым

Әрбір топ өз роботтарын таныстырады. Таныстырырылымға әрбір топқа 2 минуттан беру қажет. Уақыт регламентін сақтауды оқушыларға үйрету қажет. Оқушылар уақыттың құндылығын сезініп, таныстырылым барысында ең негізгі идеяларын айтуды үйренеді. Сол арқылы ойларын жинақтап, көпшілік алдында сөйлеуге дағдыланады.

Бағалау

Бағалауды стикерлер арқылы ұйымдастыруыңызға болады. Оқушылар көрмеге жұмыстарын ұсынып, тапсырманың барлық критерийлерін орындаған топқа дауыс беру қажет. Дауысы барынша топтың жұмысы сәтті әрі сапалы, креативті орындалған болып саналады.

Кері байланыс

Кері байланыс үлестірмелі материалда берілген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу