Жиналмалы бөлшектерден роботтарды дайындау. (Өз бетінше зерттеу). Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, презентация.


3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы:

Жиналмалы бөлшектерден роботтарды дайындау (өз бетінше зерттеу)

Сабақ мақсаты:

роботтарды жасау тәсілдерімен танысу;

роботтарды жасауға қолданылатын материалдарды қарастыру;

жиналмалы бөлшектерден жасалған роботтарды дайындау.

Бағалау критерийлері:

роботтарды жасау тәсілдері және қолданылатын материалдарды біледі;

жиналмалы бөлшектерден робот жасады.

Сұрақтарға жауап бер

алғашқы роботтардың заманауи роботтардан айырмашылығы қандай?

заманауи роботтар қозғалысқа қалай енеді?

алғашқы роботтар қозғалысқа ене алды ма?

заманауи роботтар қозғалысқа қалай енеді және қандай мақсатта қолданады?

не себепті адамдар жасанды интеллектпен роботтар ойлап тапқан?

Алғашқы және заманауи роботтарды салыстыру және талдау

Сыртқы келбеті, дизайн;

Робот жасау барысындағы механизмі және материалдары;

Қарапайым және күрделі іс- қимылдар орындауы;

Дыбыс, дауыс шығара алуы;

Роботтың сезу, елеу, тану сенсорлық мүмкіндіктері;

Қозғалыс алу мүмкіндігі мен түрлері;

Қарапайым және күрделі жұмыстар түрлерін, тапсырмаларды орындау;

Жасанды интелект, енгізілген және адамдар арқылы басқаруға арналған бағдарламалар.

Тәжірибелік тапсырма

Жиналмалы бөлшектерден робот әзірле.

Топтық жұмыс. Қолда бар материалдарды пайдалана отырып, кез келген роботтың макетін әзірлеу.

Тапсырманы орындау кезеңдері:

Идея;

Эскиз;

Материалдарды таңдау;

Орындау.

Мұндай роботты қалай жасауға болады деп ойлайсыздар?

Таныстырылым

әрбір топ өз роботтарын таныстырады;

әрбір топқа 2 минут беріледі;

әрбір топ бір сұрақтан дайындайды.

Кері байланыс:

мені өте қызықтырды...

мен бірінші рет назар аудардым...

маған ... жасау өте сәтті болды.

енді мен....

Назар қойып,

тыңдағандарыңызға рақмет!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу