Жиналмалы бөлшектерден роботтарды дайындау. (Өз бетінше зерттеу). Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 Бөлім: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жиналмалы бөлшектерден роботтарды дайындау. (Өз бетінше зерттеу)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.1

шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • роботтарды жасау тәсілдерімен танысу;
  • роботтарды жасауға қолданылатын материалдарды қарастыру;
  • жиналмалы бөлшектерден жасалған роботтарды дайындау.

 Баалау критерийлері

  • роботтарды жасау тәсілдері және қолданылатын материалдарды біледі;
  • жиналмалы бөлшектерден робот жасады.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі роботтардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Роботтың шығу тарихы немен байланысты?
  • Роботты жасаудың қандай ерекшеліктері бар?
  • Робот түрлерінің жасалуындағы әдіс-тәсілдерді сипатта?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыст қарастырылмаған.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Информатика немесе робототехника үйірмелерінде робот түсінігімен таныс болуы мүмкін

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін айту.

РР

Сабақтың ортасы

Сұрақтарға жауап бер:

  • Алғашқы роботтардың заманауи роботтардан айырмашылығы қандай?
  • Заманауи роботтар қозғалысқа қалай енеді?
  • Алғашқы роботтар қозғалысқа ене алды ма?
  • Заманауи роботтар қозғалысқа қалай енеді және қандай мақсатта қолданады?
  • Не себепті адамдар жасанды интеллектпен роботтар ойлап тапқан?

(Т/Ө/Ж) топтарда шағын өз бетінше зерттеулер жүргізу. Алғашқы және заманауи роботтарды салыстыру және талдау:

  • Сыртқы келбеті, дизайн;
  • Робот жасау барысындағы механизмі және материалдары;
  • Қарапайым және күрделі іс- қимылдар орындауы;
  • Дыбыс, дауыс шығара алуы;
  • Роботтың сезу, елеу, тану сенсорлық мүмкіндіктері;
  • Қозғалыс алу мүмкіндігі мен түрлері;
  • Қарапайым және күрделі жұмыстар түрлерін, тапсырмаларды орындау;
  • Жасанды интелект, енгізілген және адамдар арқылы басқаруға арналған бағдарламалар.

(Т/Ө/Ж)

Тәжірибелік тапсырма

Жиналмалы бөлшектерден робот әзірле.

Топтық жұмыс. Қолда бар материалдарды пайдалана отырып, кез келген роботтың макетін әзірлеу.

Тапсырманы орындаудың кезеңдері:

1. Идея;

2. Эскиз;

3. Материалдарды таңдау;

4. Орындау.

Сабақтың соңы

Таныстырылым:

  • әрбір топ өз роботтарын таныстырады;
  • әрбір топқа 2 минут беріледі;
  • әрбір топ бір сұрақтан дайындайды.

Бағалау:

  • бір-бірінің жұмыстарын таныстырылым барысында сұрақтар қою арқылы бағалайды.

Кері байланыс

  • мені өте қызықтырды...
  • мен бірінші рет назар аудардым...
  • маған ... жасау өте сәтті болды.
  • енді мен....

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

  • Сұрақтар қою.

  • мені өте қызықтырды...
  • мен бірінші рет назар аудардым...
  • маған ... жасау өте сәтті болды.
  • енді мен....

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу