Осы кезеңдегі портрет. Фотосурет өнері. Камерамен тәжірибе жасау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Фотоөнер. Фотокамерамен тәжірибе " тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі.

Оқу мақсаты: 6.2.1.1 - Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді анықтау, таңдау, қолдану және мәнерлі құралдар арқылы өз идеясы мен сезімін көрсету.

6.3.2.1 – Өз жұмысындағы мен өзге шығармалардағы( суретшілердің,қолөнершілердің ,дизайнерлердің) қоршаған ортаның тақырыбы мен идеясын салыстырып,пәндік терминдерді қолдану.

Сабақ барысы.

Оқушылар бұл сабақта фотоөнермен танысып, фотокамерамен тәжірибе жүргізеді. Фотосуреттердің түрлерін, жанрларын, өзіндік түрлеріне мән беру ұсынылады. Фотоөнерді мысалдар арқылы меңгеру қажет. Оқушыларға түрлі сұрақтар қойып, қазіргі таңда фотокамерамен суретке түсу өте танымал. Оқушылардың барлығы дерлік бүгінгі күні фототүсірудің мәнісімен таныс. Оқушыларға фотоөнердің алғашқы фотосуреттерімен таныстыру ұсынылады.

Камераны зерттеу.

Оқушылар бұл тапсырманы зерттеу арқылы орындайды. Алдын ала зерттеу үшін ақпарат көздерін дайындау ұсынылады. Бұл топтық тапсырма. Оқулылар бірнеге топқа бөлініпі, фотокамераның қыр сырын зерттейді. Фотосуретті жасау үрдісінен бастап, камераның құрылғыларымен қалай жұмыс істеуге болатындығына дейін зерттейді.

Зерттеу жұмысы аяқталғаннан соң, әр топ сыныптастарына жұмыстарын таныстырады.

Салыстыр.

  • Ман Рэя
  • Анны Аткинс
  • Ласло Мохой- Надь
  • Кристиана Шада
  • Александра Родченко

Оқушылар жоғарыда аты аталған фотосуретшілердің жұмыстарымен танысады.Фотосуретшілердің туындыларын зерттеп, оқушылар өздерінің жұмыстары үшін шығармашылық шабыт, идея іздестірулері қажет.

Практикалық тапсырма

Оқушылар фотокамерамен тәжірибе жүргізеді. Сыныптағы оқушылардың санына қарай оқушыларды топтарға бөліңіз. Тапсырманы жұпта да орындауға болады. Тәжірибелік тапсырманы орындау үшін оқушылар ұялы телефондарының камераларын қолдана алады. «Портрет» тақырыбындағы алдыңғы сабақтарға алған білімдеріне негізделіп, практикалық тапсырма орындайды. Практикалық тапсырманы орындаудың дискрипторлары презентацияда көрсетілген.

Бағалау

Практикалық тапсырманың негізінде «Сэндвич», «Екі жұлдыз, бір тілек» техникасында бағалау жүргізіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу