Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау. Жеке бөлшектерді өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 4 Бөлім. Үй мәдениеті

 Сабақ тақырыбы: Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау. Жеке бөлшектерді өңдеу.

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

 8.2.5.3 өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау;8.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;8.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 

Сабақ мақсаты: интерьерге арналған сәндік бұйымның бөлшектерін өңдеу. Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс жасау.

 

 

 Сабақ барысы

 1 Ұйымдастыру кезеңі:

 Сәлемдесу, назар аударту.

 

2. «Кім көп табады?» дидактикалық ойыны

Бір техникада орындалған коллаж суретін дайындаңыз, оны фрагменттерге бөліңіз. Өзіңіз алдын ала бөлшектер, материалдар, түстер санын анықтап алыңыз.

 Оқушылар пазлдарды құрастыра отырып, топтарға бірігеді. Суреттерді қарастыра отырып бөлшектер, материалдар, түстер санын анықтайды. Жұмыс барлық бөлшектерді немесе жұмыс элементтерін, материал түрлерінің саны мен қолданылған түстерді анықтауға бағытталған.

Оқушылар цифрларды айтады, олардың айырмашылығын анықтай отырып, салыстырады, ерекше «аңғарымпазды» анықтайды.

3. Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу:

Оқушыларды сабақтың мақсаты, тақырыбымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

 

4. Тәжірибелік жұмыс. Сипаттама жасау.

Оқушыларға өз жұмыстарының эскиздерін пайдаланып, сипаттама жасауды, яғни, сәндік бұйымның бөлшектері/элементтерінің тізімін кесте түрінде немесе тізім түрінде жасауды ұсыныңыз. Мысалы, келесі бөлшектердің атауларын: алдыңғы/артқы план бөлшектері, төменгі, жоғарғы, бүйір, алдыңғы, көк аспан элементтері, гүл күлтесі және т.б. қолдануға болады.

Егер бөлшектер мен элементтердің нақты санын анықтау қиын болса, оны диапазон түрінде көрсетуге болатынын түсіндіріңіз, яғни _____ бастап_____дейін, мысалы, 20-45.

Үшінші графада материал атауын немесе оның түсін көрсетеді. Егер сәндік бұйым жасауға бір ғана материал қолданылса, мысалы, қағаз, онда онын түсі мен текстурасын көрсетуге болады.

 

Бөлшек/элемент атауы

Бөлшектер саны

Материал (түсі)

1

2

3

 

Оқушыларға кесте орнына эскизге жазбалар қосуды, біркелкі бөлшектерде олардың саны мен атауы, материалын көрсетуді ұсынуға болады.

Оқушыларға жұптарға бірігуді, бір-бірімен толтырылған кестелерді (бөлшектері нақтыланған эскиз) талқылауды, қажеттілігіне қарай толықтыруды тапсырыңыз.

5. Интерьерге арналған сәндік бұйым бөлшектерін өңдеу үлгілерін көрсету.

Таныстырылым мен иллюстрацияларды көрсете отырып, оқушылар назарын сәндік бұйым жасаудың дайындық жұмысына аударыңыз.

 Өз бұйымының бөлшектерін өңдеудің түрлі нұсқаларын оқушылармен бірге талқылаңыз.

6 слайдта тоқымадан коллаж жасаудың кезеңдері көрсетілген. Коллаж бөлшектерін дайын пішім бойынша матадан қиып алады, сонан соң бөлшектерді қолмен тігеді, оларды негізге бекітеді. 7 слайдта қағаздан үлкен кесек және ұсақ қиындылар элементтерінен коллаж жасау тәсілдері көрсетілген. Панно жасау үшін бояйды немесе түрлі түсті жіптерді айналдыра орайды (8 слайд). Басқа үлгілерде бөлшектерді қияды, шиыршықтайды (9-10 слайд), фрагменттерге бөлшектейді немесе бүтін күйінде қолданады.

6. Тәжірибелік жұмыс. Жеке бөлшектерді өңдеу.

 Оқушылармен қауіпсіздік техникасы ережелерін талқылаңыз. Олардың назарын жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына, құрал-жабдықтардың орналасуына, жұмыс қалпы, құралдармен жұмыс жасау тәсілдеріне аударыңыз.

Санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзу бұйымның сыртқы түріне әсер етеді, ол былғанып қалуы мүмкін екеніне назар аудартыңыз.

 Тапсырма дескипторын талқылаңыз. Оқушыларға бір техникамен жұмыс жасайтын оқушылар өзара кеңес алуы, өзара көмектесуіне мүмкіндік болуы үшін өз жұмыс орнын сыныптастарымен қатар орналастыруды тапсырыңыз.

Оқушылардың тәжірибелік жұмысты орындау кезінде мақсатты аралап, жұмыс орнының ұйымдастырылуы, қауіпсіздік техникасының сақталуын, өңдеу тәсілі мен сапасын тексеріңіз, оқушылармен жеке нұсқаулық жүргізіңіз. Тәжірибелік жұмыс соңында оқушылар жұмыс орнын жинайды.

 

7. Жұмысты талқылау

Оқушыларға бұйымның дайындалған бөлшектері мен элементтерін қарастыруды, жұмысқа талдау жасауды, идеялар немесе жұмысты жетілдіру тәсілдерін ұсынуды тапсырыңыз.

8. Рефлексия: «Үш М»

Оқушылардан сабақ кезінде жақсы шыққан үш кезеңді атауды, және келесі сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір тәсілді ұсынуды сұраңыз.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу