Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау. Бөлшектерді біріктіру. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


 4 Бөлім. Үй мәдениеті

 Сабақ тақырыбы: Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау. Бөлшектерді біріктіру

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

 8.2.5.3 өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау;8.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау;8.2.6.1 техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 

Сабақ мақсаттары: интерьерге арналған сәндік бұйымдардың бөлшектерін біріктіру. Жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, назар аударту.

2. Сабақ тақырыбы және мақсатымен танысу: оқушыларды сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз, олармен бірге бағалау критерийлерін талқылаңыз.

3. Тірек білімдерін белсенділендіру

Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

  • Бұйым бөлшегі/элементі қандай тәсілдермен біріктіріледі?
  • Біріктіру тәсілін таңдау неге байланысты?
  • Бөлшектерді біріктірудің қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

4. Интерьердегі сәндік бұйым бөлшектерін біріктіру тәсілдерін көрсету

Оқушыларға біріктіру немесе құрастырудың бұйым дайындаудағы жауапты кезең екендігін түсіндіріңіз. Олармен бірге жіппен, желіммен т.б. тәсілдермен біріктірудің ерекшеліктерін қарастырыңыз (4 слайд). (https://tmark.ru/tovar/3m-glue-thermo/ Термомарк - таңбалау, оқшаулау (изоляция), қорғау; http://vtvorchestve.ru/user/article/402 Қолөнерге арналған желімді пистолетті қалай таңдауға болады; http://www.okleyah.ru/bitovie-klei/kley-bf.php желім туралы сайт).

 Желім – кеңінен танымал және жиі қолданылатын әртүрлі материалды біріктіру құралы.

Желімнің ерекшелігі - өлшемдері бойынша бірдей емес, пішіні бойынша күрделі және құрамы әртүрлі заттарды желімдеу мүмкіндігі бар. Қазіргі желіммен біріктірудің беріктігі мен эстетикалық қалпы механикалық біріктіруден де жоғары.

Физикалық формасы бойынша желімдер қатты (порошок, түйіршік, пленка түрінде), сұйық (ерітінді, эмульсия) және паста түрінде (мастик) болады. Қатты желімдерді қолданғанда оны ерітеді немесе ыстық бетке жағады.

Желім түрлеріне қарай желіммен біріктіру суық немесе қыздыру (ыстық) тәсілдерімен орындалады.

Желіммен біріктіруді қыздыру тәсілімен термопластикалық желім немесе желімдік өрмек арқылы орындауға болады. Желімдік өрмек – өзара байланыстырылған, полиамид жіптерінен ретсіз орналастырылған жіңішке, мөлдір талшықты жайғақ. Үтіктің жоғары температурасы және буымен еріп, матаның екі қабатын өзара жапсырады.

Желімдік өрмек таспа және жайма түрінде шығарылады (5 слайд).

Термоерігіш желімдердің (ерігіш-желім) құрамында еріткіштер болмайды. Оларды ерітілген, ыстық күйінде жағады. Суыған кезде бірден қатайып, беттерді біріктіреді. Бұл процесте желімді қыздыру арқылы сұйық күйге айналдыруға болады.

Пистолет – аппликатор немесе терможелім пистолеті – ерітілген желімді мөлшерлеп беруге және қыздыруға арналған электромеханикалық құрал. Желім пистолетінің білігі әр түрлі өлшемде және әртүрлі түсте болады. Түрлі-түсті біліктер ұзағырақ ериді. Мөлдір біліктер нағыз әмбебап (6 слайд).

Терможелім пистолетімен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы:

1. Пистолетпен жұмыс жасау кезінде металл ұшына тиіспеңіз және ерітілген желімді қолмен ұстамаңыз, күйіп қалуыңыз мүмкін.

2. Толық суығанша пистолетті аудармаңыз. Еріген желім желімді стерженді жылжытатын механизмге тамып, пистолет істен шығуы мүмкін.

3. Егер пистолетте тамшыға қарсы жүйе болмаса, құралдың ұшынан кейде өздігінен желім ағады, үстел үстін бүлдірмес үшін, оның ұшына қағаз парағын жайыңдар.

4. Пистолетті қолдану уақытын сақтаңыз, 20 минуттан артық болмауы тиіс.

Желімдер қолданылуына қарай тұрмыстық және өндірістік, арнайы және әмбебап болып бөлінеді. Тұрмыстық желім – бұл адгезив, үй тұрмысында қолданылады.

Тұрмыстық желімге қағазға арналған кеңсе желімі, «Момент» желімі, ПВА желімі, эпоксидті желім, керамика, былғары, резинадан жасалған материалдарды біріктіруге арналған «Супер желім». (7 слайд).

 ПВА желімі – поливинилацетаттың судағы ерітіндісі. ПВА желімінің бірнеше түрі бар: тұрмыстық немесе обой жапсыруға арналған, әмбебап, супер. «Момент» желімі (резеңкелік желім) полихлоропренді каучуктен, шайырдан және әртүрлі қоспалардан тұратын синтетикалық желім. Ол резеңкеден жасалған бұйымдарды өзге материалдармен - пластик, картон, ағаш, былғары, металл, қатты ПВХ және бетонды біріктіру үшін қолданылады.

 «Момент» желімінің пайдалы қасиеті – біріктірудің жоғары беріктілігі, иілімділігі, суға және аязға, жоғары температураға және сілтілер мен қышқылдарға төзімділігі.

 Эпоксидті желім – шайыр (смола) және қатайтқыштан тұратын, синтетикалық қос сыңарлы зат. Негізгі желімдеу материалы – эпоксидті шайыр. Эпоксидті желімнің басты ерекшелігі ол әртүрлі материалдарды шыны, керамика, фарфор, ағаш, металл, пластик, ПВХ, тас, мрамор, бетон сияқты материалдан жасалған заттарды жабыстыра алады.

БФ желімінің бірнеше түрлері бар: БФ-2, БФ-4, БФ-6, БФ-19, БФ-88, БФ-2Н. БФ сөзі – «бутиральфенолды» дегенді білдіреді. Желім атауындағы сандық индекс ондағы поливинилбутиралдың немесе поливинилацеталдың пайыздық мөлшерін көрсетеді.

БФ-6 медициналық желімі жараны емдеу үшін қолданылады.

Желімдеудің сапасы мен беріктігі оны материалға сәйкес дұрыс таңдауға ғана емес, материал бетін ұқыпты дайындауға да байланысты. Адгезивті жағу алдында біріктірілетін беттерді кірден, шаңнан, майлы дақтан және ескі желім қалдықтарынан тазарту қажет.

Скотчтың пайда болуы – керемет батылдық пен талпыныс үлгісі, бұл затты банджода ойнайтын, өзінің өнертапқыштық қабілетін сынап көрген, жете оқымаған –адам, қарапайым инженер ойлап тапты. Ол тек қана мөлдір скотч пен сылау лентасын ойлап тапқан жоқ, сонымен бірге 3М компаниясында жаңалық ашты. Оның шығармашылық адамдарға деген қарым-қатынасын түбегейлі өзгертті.

Скотч – желімдегіш жабысқыш лента. «Scotch» - бұл тіркелген сауда белгісі, ағылшын тілінен аударғанда «шотландық» дегенді білдіреді. Бірақ ол Шотландияда шотланддықтың ойлап тапқаны емес. Скотчты ойлап тапқан американдық Ричард Дрю (8 слайд). Біріктіру беріктігі жылдам, әрі арнайы құрал қажет емес.

Степлер – жіңішке болат сымдар арқылы (скоба түрінде иілген) қағазды бекітуге арналған құрал. Степлердің көптеген түрлері бар: қалта, үстел, құрылыстық, монтаждауға, жиһазға арналған, әмбебап, механикалық, электрлі, пневматикалық және т.б. (9 слайд).

Оқушылармен бірге біріктіру тәсілдерін құрамдастыру мүмкіндігін, қауіпсіз жұмыс жасау аспектілерін талқылаңыз.

5. Тәжірибелік жұмыс. Бөлшектерді біріктіру тәсілдерінің сипаттамасы.

Біріктіру тәсілдері бойынша оқушыларға топтарға бірігуді ұсыныңыз. Жұмыс дәптеріне бөлшектерді біріктіру тәсілдерін және сонымен бірге қолданылатын материалдар мен құралдарды жазу.

Сапалы көрсеткішке жетуді, ақаудың болмауын қарастырыңыз. Мысалы, бөлшектерді желіммен біріктіру кезінде артық желім бұйымның сыртқы көрінісін бұзуы, ал желімнің жеткіліксіз болуы бөлшектерді біріктірудің сапасыз болуына, бөлшектердің істен шығуына әкелуі мүмкін.

6. Тәжірибелік жұмыс. Бөлшектерді біріктіру.

 Оқушылар жұмыс орнын дайындайды, онда материалдар мен бұйым бөлшектерін орналастырады. Оқушыларға өзара ақылдасып, бір-біріне көмектесу үшін өз жұмыс орнын сыныптастарымен қатар орналастыруға ұсыныс жасаңыз.

 

Тапсырмаға арналған дескрипторды талқылаңыз.

Тапсырма дескрипторлары:

  • бөлшектер немесе бұйым элементтері таңдалған тәсіл бойынша біріктірілген;
  • біріктіруінде кемшіліктер жоқ;
  • қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған.

Желіммен біріктіру үшін жапсыратын беттерді шаңнан, кірден тазартады. Бетке желімді жаққан соң жақсы жабысу үшін бөлшектерді бірнеше минут басып тұрады.

Алдын ала жоспарланған кезеңдерге сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сәндік бұйым бөлшектері мен элементтерін біріктіруді орындайды.

Оқушылардың тәжірибелік жұмысты орындау кезінде мақсатты аралап, жұмыс орнының ұйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, бөлшектерді біріктіру тәсілі мен сапасын тексеріңіз, оқушылармен жеке нұсқаулық жүргізіңіз. Тәжірибелік жұмыс соңында оқушылар жұмыс орнын жинайды.

7. Жұмысты талқылау

Оқушылар дайындалған жұмыстарын қарастырады, жұмысына түсініктеме береді, жұмысты жетілдіру тәсілдерін ұсынады.

 

 8. Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

 Оқушыларға сабақтағы жұмысқа өз көзқарасын білдіріп, баспалдаққа белгі қоюды тапсырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу